ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Сіздерді ата-бабаларымыздың жанқияр ерлігімен қол жеткізген Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Өз жерімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтаудың маңыздылығын соңғы кездері терең ұғынып жүргеніміз рас.

Сондықтан да Ұлы Отан соғысында ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғалған бейбітшіліктің де, оны қорғауда танытылған жауынгерлік рухтың да құны біз үшін қымбат. Бұл мұраны жадымызда сақтап, келер ұрпаққа да аманат ету – қасиетті парызымыз болмақ.

Баршаңызға амандық, береке тілеймін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болғай. Жеңіс күні құтты болсын!

 

 Құрметпен,

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

кітапханасының директоры

БАҚЫТЖАН ТЕМІРБОЛАТ