Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Биылғы мереке Қарулы Күштердің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуімен ерекше. Бұл уақыттың ішінде Қазақстан әскері мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығының сенімді кепіліне айналды.
Отан қорғаушылар күні – сондай-ақ өскелең ұрпаққа ерлігі мен абыройы қашан да үлгі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мерекесі.
Барлық әскери қызметкерлерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Барша қазақстандықтардың шаңырағы бақ-берекеге толғай! Аспанымыз әрдайым ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын!
Күшіміз – бірлікте! Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры
Б. Темірболат