ҚҰРМЕТТІ АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Журналистика – кәсібилік пен шығармашылықты, мәдениеттілік пен жан-жақтылықты, асқан жауапкершілікті талап ететін мамандық. «Арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» болса да жұрт ішінде қоғамдық сананы қалыптастырып, түйіткілді мәселелердің түйінін шешіп жүрген журналистердің еңбегі ерен.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Әлемдік контексте басқа көзқарастарға құрметпен қарайтын тек ашық диалог қана миллиондаған адамдардың өзекті проблемаларын шешу үшін жаһандық сенімді қалпына келтіру бағдары болады. Бұқаралық ақпарат құралдары осы процестің көшбасшысы болуы тиіс және өзінің күш-жігерін жаңа кедергілерді қоюға емес, керісінше, халықтар мен елдерді біріктіруге шоғырландыруы керек» деген болатын.

Ел арасында төртінші билік өкілдері саналатын тілшілердің халық пен билік арасындағы алтын көпір екені анық. 2019 жылы 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып белгіленді. Бұл – ақпарат саласының қызметкерлеріне кәсіби мерекесін дербес атап өтуге жасалған керемет мүмкіндік.

«Сіздердің жазған әрбір мақалаларыңызда, дайындаған сюжеттеріңізде елдің мұңы мен мұқтажы, ойы мен пікірі, талабы мен тілегі, қоғам дамуының тынысы айқын көрініс тауып отыр. Өйткені, жұмыс барысында жұртпен етене араласып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыруға зор еңбек сіңірдіңіздер», – деді Президент Қ.К.Тоқаев құттықтау сөзінде.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, сіздерді тағы да кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай келе, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!