«ҚСЗИ GPS» ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА АЛАҢЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰСЫНҒАН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында «Референдум: азаматтардың конституциялық құқықтары» тақырыбында «ҚСЗИ GPS» ұлттық сараптама алаңының кезекті отырысын өткізді.

Адам құқықтары, оларды қорғаудың және заңдылықты сақтаудың жаңа тетіктері – конституциялық өзгерістердің маңызды бағыты. Конституцияға енгізілетін түзетулер құқық қорғау тетіктерін елеулі түрде күшейтуі тиіс. Бұл ретте адам құқықтарын қорғаудың кепілдіктері мен тетіктері, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Конституциялық сот сияқты құқық қорғау институттарының мәртебесі Конституцияда ең жоғары деңгейде бекітіледі.

«ҚСЗИ GPS» ұлттық сараптама алаңының кезекті отырысын модераторлық жүргізген ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов  институттың әлеуметтік сауалнамасына сәйкес қазақстандықтардың 76,4%-ы Президент  Қ.К.Тоқаевтың конституциялық реформалар бойынша жалпы республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдайтынын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов өз сөзінде: «Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев бастаған конституциялық реформа Қазақстанның саяси жүйесінде дамудың жаңа тенденцияларын көрсетіп, мемлекеттіліктің жаңа кезеңінде тиімді құқықтық негізді қалыптастыруға бағытталған. Азаматтық қоғам институттары, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалық қауымдастықтар, т.б. қолданыстағы реттеушілік тәжірибені оңтайландыру мен жетілдіруге нақты үлес қосу мүмкіндігіне ие болады. Мұның бәрі  конституциялық реформаны әзірлеушілер айтып отырған қазақстандықтардың мемлекетті басқаруға қатысуының кеңейетінін растайды», - деді.

ҚСЗИ сараптама алаңы Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша 2022 жылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдумның қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб жұмысы аясында өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Т.Т.Шаймергеновтың сөзі: