ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ЖАСАЛАТЫН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ К. ИСИНОВАНЫҢ ҚОЛДАУ ПІКІРІ

Референдум: Қазақстанның демократиялық дамуының жаңа кезеңі

Алда өтетін елдегі жалпыхалықтық референдум саяси трансформацияның бастауы болмақ. Бұл оқиғаның маңыздылығы азаматтардың еліміздің негізгі заңына енгізілген тұжырымдамалық өзгерістерді қабылдау немесе қабылдамауымен байланысты. Президенттің халыққа деген пейілі көбіне алдағы реформалардың траекториясын адамдардың өздері анықтайтынына негізделеді. Референдумнан кейінгі оқиғалар мен ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі саяси өмірдің жандануына әкелетіні сөзсіз, өйткені бұл өзгерістер қарапайым азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдаудағы құқықтарын кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Референдумнан кейінгі алдағы реформалар қазіргі делиберативті демократияның дамуы аясында елдің қайта құрылуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта басқарушылық шешімдерді қабылдау үдерісінде оған әсер ететіндердің барлығына талқылауға тең мүмкіндік беру маңызды болды. Мемлекеттік органдар жанындағы консультативтік-кеңесші құрылымдардың құқықтарын кеңейту мемлекеттік саясатты іске асыруда халықтың қалың тобының мүдделерін лайықты көрсетпек.

Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттің, үкіметтің және қоғамның саяси-құқықтық негіздерін елеулі түрде өзгертеді. Сол себепті де ел Президенті референдумға басымдық берді.

Біз көзі ашық, көкірегі ояу халықпыз. 5 маусымда біз өркендеу мен демократия жолын таңдаймыз деп сенемін.