ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА

Үстіміздегі жылдың 4 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов Елбасы кітапханасына ат басын бұрды. Кітапхана директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов мәртебелі меймандарды мекеме қызметінің негізгі бағыттарымен, ұлттық мәдени-тарихи мұрамызды құрайтын қазіргі электронды-архивтік инфрақұрылым мен бірегей ақпараттық ресурстармен таныстырды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихынан, Мемлекет басшысының стратегиялық идеялары мен бастамаларынан сыр шертетін тарихи маңызды құжаттар мен естеліктер сақтаулы. Зерттеу құндылықтарына келсек, Жеке архив құжаттары, оның ішінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қызметтік және қоғамдық өмір жолы туралы өмірбаяндық, шығармашылық материалдары аса құнды құжаттар болып табылады.

Сыйлы қонақтарды Мемлекет басшысының өмірі мен қызметі кезеңдерін бейнелейтін құжаттар қызықтырды. Олардың қатарында Елбасының үлгерім табелі, жеке куәліктері, көрікші рұқсатнамасы, құрмет грамоталары, мақтау қағаздары, мандаттары, депутат билеттері, ата-ана құжаты, сондай-ақ Кітапхана экспозицияларында ұсынылған туған жері жөніндегі деректері бар.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Президенттің Жеке кітапханасымен де танысып үлгерді. Оның негізін Н.Ә. Назарбаевқа түрлі жылдары тарту етілген басылымдар мен қолтаңбасы бар кітаптар құрайды.

Назарбаев орталығының ғимаратын шолу барасында меймандар Мемлекет басшысының қару-жарақтар мен жоғары наградалар топтамасына назар аударды.

Кездесу соңында Елбасы кітапханасының қабылдауы мен танымдық экскурсиясына риза болған қонақтар Кітапхана қызметкерлеріне жеңіс пен табыс тіледі.