ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРКЕСТРІНІҢ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында үстіміздегі жылдың 18 қыркүйегінде Атырау облысы әкімдігінің алдындағы алаңда өңір жұртшылығы үшін ҚР Мемлекеттік Күзет қызметі Президенттік оркестрінің мерекелік концерті өтті.

– Атырау қаласындағы концертімізде біздің ұжым үшін өңірдегі шығармашылық әріптестерімізге патриоттық әндерді сан қырынан көрсетудің үлкен мүмкіндігі туындады. Концерттік бағдарламамызда негізінен ұжымымыздың музыканттары жазған әндерді ұсынамыз. Сондай ерекше туындылардың бірі – Мемлекет басшысына арналған «Елбасы» күйі. Мерекелік концерт – Президенттік оркестрінің құрамында жемісті қызмет етіп келе жатқан ансамбль, үрмелі оркестр, эстрада және әндер ансамблі, би ансамблі ұжымы сынды түрлі өнер иелерінің орындауларынан тұратын ерекше бір дүние. Атырау қаласындағы жобаның ашылуына орай салтанатты іс-шараларға Президент оркестрінің Құрмет қарауыл ротасы мен барабаншылар ансамблі қатысты. Олар Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына екі ерекше өнерлерін көрсетті, – деді Президент оркестрінің полковнигі Талғат Бердіғұлов.

Концерт бағдарламасы оркестрдің халық әндері, әлемдік классикалық музыка, джаз және өзге де кең жанрлық шығармаларын ұсынады. Оркестрдің жетекші солистері – республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Д. Таңатаров, М. Салықов, А. Балажанова, О. Сүлейменов, Г. Әділбекова, А. Шалқаров, Г. Мырзабекова, Б. Сауытова және басқалар.

ҚР Мемлекеттік Күзет қызметі Президенттік оркестрі ҚР хаттамалық, дипломатиялық, мемлекеттік және басқа да мерекелік іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылы құрылған. Президенттік оркестрінің құрамында жемісті қызмет етіп келе жатқан ансамбль, үрмелі оркестр, эстрада және әндер ансамблі, би ансамблі ұжымы қалың көпшілік назарына өз өнерлерін көрсетті.