27 сәуір күні Елбасының кітапханасында жастармен тарихшы-этнограф, жазушы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығыра Салғараұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Шара «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар аясында өтті. Құрметті мейман «Болашақ» Академиясының (Қарағанды қ.) және С.Демирель атындағы Университінің үздік студенттеріне оқу курсын аяқтағаны туралы сертификат табыстау шарасына қатысты.

Қойшығара Салғараұлы болашақ тарихшыларды да қамтыған жас белсенділерге түркологиядағы маңызды жаңалықтар мен ғылыми зерттеулердің принциптері туралы айтып берді. Сондай-ақ, тарихи оқиғаларды жазу барысындағы субъективизм мәселесіне баса назар аударды.
Оның пайымынша, адамзаттың дамуындағы түркі халықтарының үлесі толық зерттелмеген және түркі әлеміндегі саяси-мәдени оқиғаларға шынайы баға беру жоқтың қасы. Оның үстіне түркілердің тарихы сырға толы. Оны әлі зерттеу керек.

Қойшығара Салғараұлы тарихи зерттеулерге негіз болатын «Біз кімбіз? Біз қайдан келдік? Біздің ата-бабамыз қалай өмір сүрді?» секілді басты сауалдарды атап берді. Бұл сауалдардың жауабы ретінде нәтижесінде патриоттық сана-сезімнің қалыптасуы мүмкін деген жеке пікірін білдірді.
Кездесу барысында студенттер үлкен белсенділік таныстты. Оларды «қазақ» этнонимінің пайда болуы, қытай дереккөздерінен алынған сол кездердегі әскери стратегия мен ішкі тыңшылық туралы тарихы деректер қызықтырды.

Ғалым Кітапхана қызметкерлерінің «Әлемді өзгертетін идеялар» мәдени білім беру жобасына жоғары бағасын берді. «Бүкіл еліміз Тәуелсіздік алғанының 25 жылдығына дайындалын жатқан кезінде болашақ үміт күтіп отырған жастарымызды осындай игілікті істерге баулып, Президенттің алға қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруда жастарға семинар өткізіп жатқандарыңыз бұл бір игілікті шаруа. Осындай жастарды көргенде, өз елінің тарихын білуге, елінің жағдайын білуге, жерінің тарихын білуге ұмтылыстарын көргенде, адамның көңілінде қуаныш орын алады. Осындай жақсы шаруалар жиі өтсе, біздің балаларымыз шын мәнінде елін сүйетін, елдің қамын, ертеңін ойлай алатын өзінің заманына, уақытына сай азаматтар болып өседі деген ойдамын», - деді Қойшығара Салғараұлы.