КОРОНАВИРУС КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев биыл 20 жылдығын атап өтіп жатқан Қытайдағы Боао форумына онлайн форматта қатысты. Қазақстан көшбасшысының Боао-ның беделді халықаралық алаңында сөз сөйлеуінің маңызы Азияның әлемдегі рөлінің артуымен байланыстырылады.
 

 

Форумның ашылуында кездесуді ұйымдастырушы жақтан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің айтуынша, екі он жылдық бойына азиялық мемлекеттер өңірлік экономикалық интеграция үдерісін белсенді түрде ілгерілетуде, олар Азияны ең бір қарқынды дамушы және өмірге бейімделе алатын құрлыққа айналдыра отырып әлеуметтік-экономикалық дамуға ұжымдық тұрғыда күш салуда.

Шынында да бүгінде Азия COVID-19 індетінен кейін тез қалпына келіп, күткендей-ақ экономикалық өсім жағынан алға жылжуда, сөйтіп 2021 жылы ол 3,3%-дан 7,4%-ға дейін өсті. Әлемде өңірлік экономикасы жағынан ірі саналатын Азияға әлемдік ЖІӨ-нің 35%-дан астамы тиесілі. Бұл ретте сарапшылардың айтуынша, бүгінгі таңда мәселе Азияның қалай тез дамитындығында емес, оның өз артынан әлемді қалай ертетіндігінде болып отыр.  

Бүгінде сан алуандығымен қоса алғанда азиялық макроаймақтың әлемде тұтынушылық көлемі шамамен 40%. Соған қарай азиялық мемлекеттердегі орта таптың өсімі болашақта саны жағынан 3 млрд адамнан аспақ. Болжамдар бойынша өңірдің қуаттылығы азиялық мемлекеттердің сауда, инновация, білім ағыны мен капиталдағы кооперациясының кеңеюіне қарай артады.

Қытайлық Боао-дағы Азия елдері көшбасшыларының тұрақты кездесулерінде көзделетіні де сол.

Осы ірі шарада сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев әлемде болып жатқан жайларға қатысты өз көзқарасын білдірді және сындарлы ұсыныстар, ұсынымдар мен идеялардың бүтін бір кешенін ұсынды. Сол арқылы Қазақстан коронавирус кезіндегі әлем үшін халықаралық күн тәртібін жасауды талқылауға белсенді түрде қатысады, ал кездесу қатысушыларының сайланған құрамы еліміздің үнін естіп, оны назарға алғандарына кепілдік береді.

Әсіресе, осы сәтті пайдала отырып Елбасы XXI ғасырдағы Жібек жолын салудағы Қазақстанның жетістіктерін таныстырғанын атай кеткен жөн. Сол арқылы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның осыдан 8 жыл бұрын ҚР астанасында Назарбаевтың өзі мәлімдеген «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыруда маңызды әріптестік орыны  сақталатынына назар аудартты.

Елбасы неге осы бастамаға назар аударып отыр?

Бүгінде біздің еліміздің бастаманы жүзеге асыруға қатысуы Еуропа, Таяу Шығыс, Азиядағы қатысушы 120 мемлекеттің тек Қытаймен ғана емес, сонымен қатар Еуразияның шалғай өңірлерімен арада да қарым-қатынасты дамытуына мүмкіндік береді.

Көлік коммуникациялары – белдеу мен жол бастамаларына қатысты ынтымақтастықтың негізгі базасы. Көліктік желіде бастамалар Еуразия елдері үшін пайдалы барлық факторларға қатысты болды. Бәрінен бұрын жолдардың баламалылығы мен көп нұсқалы болуы және сәйкесінше бір аптаға сауда ағынын тоқтатқан Суэц арнасына қатысты жақында болған көліктік оқиға маңызын арттырған экономикалық қауіпсіздік тұр.   

Соның нәтижесінде белдеу мен жолдың стратегиялық артықшылығының мәні Еуразия бойынша бекітілген экономикалық жүйенің өзара байланысқан және алуан түрлі желісін құру дегенді білдіреді.  Осындай өсімдегі желіде жұмысын оңай бұзуға болатын бірде бір бағдар жоқ. Үкіметтің ауысуынан, соғыстан, экономикалық төңкерістен немесе тарифтерге қатысты дау-дамайдан бір дәліз жоғалып кетер болса, жүктерді баламалы бағдарлар арқылы сол бір межелі нүктеге оңай жөнелтуге болады.

Белдеу мен жолға қатысты бастамалардың басқа артықшылықтарына қатаң шектеулердің жоқтығы жатады. Бұл мәселен  жаһандық COVID‑19 пандемиясы кезінде болып жатқанындай, ҚХР-дың ұлттық экономикалық басымдықтары мен әлемдік экономикадағы оқыс өзгерістер болған жағдайда оның икемділігін қамтамасыз етеді. 

Бастамалардың беті қайтарылмай, ол өзгеріп жатқан халықаралық шындыққа қарай тез бейімделе түсті. Қазақстанға да пайдалы болды, себебі біздің еліміз арқылы көлік ағыны пандемияға дейінгі кезеңге қарағанда 60%-ға жетті. Бүгінде трансұлттық көлік жүйесін дамытатын байланыстырушы ретінде ҚР үшін белдеу мен жолға қатысты бастамаларды қабылдау парадигмасын кеңейтіп, мемлекеттің ішкі экономикалық күшін жандандырудың маңызы зор. 

Тәжірибе тұрғысынан қарағанда Қытаймен бірлескен көлік дәліздері құрылысының арқасында Қазақстан еуразиялық нарықтың барлығына бірдей тез әрі тіке қолжетімділікке ие болған жоқ. Біз 4 млрд адамнан көп тұтынушылық әлеуетімен әлемдік экономикалық өсімнің үш орталығын  (Азия, Еуропа және Таяу Шығысты) біріктірдік.

Географиялық жағынан теңізге шығар жолы жоқ Қазақстан үшін теңіз коммуникацияларына тұрақты жол ашу қашан да маңызды. Белдеу мен жол бастамаларына қатысу есебімен біздің еліміз бірден үш әлемдік мұхитқа- Тынық, Атлант және Үнді мұхитына тікелей шыға алатын болды.

Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, өзінің бұрынғы еңбектерінде Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның тиімді географиясы мен артықшылықтарына бірнеше рет назар аудартқан болатын, бұлар кезінде Ұлы Жібек жолының сауда дәліздерінде маңызды рөл ойнағаны белгілі. ҚР Тұңғыш Президенті үшін оның транс-еуразиялық көлік жолдарын құру бойынша идеялары мен ойларының тиімділікпен тәжірибеде жүзеге асырылуының маңызы зор.  

Бұл ретте Қазақстандағы барлық мүмкіндіктеріне қарамастан әлі күнге дейін  Ұлы Жібек жолы феноменінің мән-мағынасы толық ашылмағаны рас, сондықтан бізге әлі алда жаңа артықшылықтарды толыққанды қолдану қажеттілігі туындап тұр.

Азиялық, еуропалық және таяушығыстық әріптестермен ынтымақтастықтағы келесі жылдарда ҚР-ның Қытай аумағы арқылы Азия (АСЕАН), сонымен қатар Батыс Еуропаға қолданыстағы дәліздер арқылы  Еуропа (Оңтүстік және Солтүстік Еуропа елдері) елдерімен тұрақты көліктік қатынастарды дамыту жолымен транзиттік-көліктік және ішкі сауда әлеуетін аша түсуді жалғастыруы маңызды.

Стратегиялық тұрғыда ҚХР-мен екі жақты қарым-қатынасты өзара тиімді макроаймақтық ынтымақтастық ретінде мейлінше кеңірек қарастырудың да маңызы зор. Қытай географиялық жағынан 14 мемлекетпен шектеседі және Тынық мұхитына шығатын 3 теңізді жағалай жатыр. 

ҚХР мен ҚР арасындағы көліктік инфрақұрылым, келісімшарттық-құқықтық база шеңберінде әкімшілік кедергілерді азайту Қазақстанның Азия елдері нарығына, ал әрі қарай тереңдей түссек, Қытай тіке және тұрақты сауда қатынасын қалыптастырған Канада, АҚШ және Латын Америка, т.б. елдеріне шығуына мүмкіндік береді. 

Ірі өткізу нарығында көліктік қатынасты дамыту бойынша қазақстандық өнеркәсіптің болашақ мүмкіндіктеріне және ҚР-дан экспортты кеңейту үшін өнімділікті арттыруға қатысты сұрақтар туындайды.

Осы ірі әлеуетті жүзеге асыруға «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясат және «Жібек жолы экономикалық белдеу» құрылысын түйіндестіру бойынша ынтымақтастық Жоспарын жүзеге асыру туралы ҚХР Үкіметі мен ҚР Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум ережелері ықпал етеді. Бұл құжатқа 2019 жылы қыркүйекте ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың мемлекеттік сапары кезінде қол қойылған еді.

Түйіндестіру бойынша осы жоспардың жүзеге асырылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы логистика, халықаралық жүк тасымалы, өндіріс, инвестиция және т.б. бойынша ынтымақтастықты нығайтатын болады. Мұның бәрі – біздің еліміздің экономикасын дамытудағы басымдық берілетін салалар.

Бүгінде әлем өзара іс-қимыл жөнінде форматтар мен қағидаттар, жаңа ережелерді іздеуде, сондықтан өз көзқарасыңды білдірудің, бірлескен бастамаларды талқылаудың және жаңа жоспар құрудың маңызы зор. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Боао-дағы мазмұнды баяндамасы осы өткен үш он жылдықта қазақстандық дипломатияның визит карточкасы болған ынтымақтастық пен бастамашылыққа бағдарлануын және ашықтығын тағы да паш етті.  

Тимур Шәймергенов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары

 
kazpravda.kz