«КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ ...» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Халықаралық түркі академиясы, 
М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен  Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі...» халықаралық шығармашылық байқауын жариялайды. 

Байқаудың мақсаты – жас дарынды орындаушылардың шығармашылық қызметін қолдау және белсендіру, қазақ халқының музыкалық мұрасымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті әндерін зерделеу мен насихаттау арқылы олардың музыкалық-теориялық пәндерге деген қызығушылығын арттыру. 

Байқауға жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, вокалдық ұжымдық топтар (бір мекемеден екі вокалдық ұжымнан артық емес)қатыса алады. Байқау жас ерекшеліктері бойынша 2 санатта, атап айтқанда 12-14 жас аралығы мен 15-17 жас аралығындағы жастар арасында өткізіледі.

Конкурс 4 номинация бойынша өткізіледі:

– «Бабамнан калған кең дала» (Н. Ә. Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндерді орындау);

– «Елбасының сүйікті әндері толқынында» (Н.Ә. Назарбаевтың  сүйікті әндерін орындау); 

– «Қасиетті домбыра» (домбыраның сүйемелдеуімен орындаған Елбасының сүйікті әндері мен авторлық шығармаларын орындау);

– «Әсем әнім сырнайдай...» (қазақ халқының музыкалық мұрасы мен азақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қазақ тіліндегі сүйікті әндерін насихаттау). 

Байқауға қатысушы ән жазбасы бар 4 минуттық бейнежазба мен өтінім жіберуі тиіс. Өтінімбасшылықтың қолы мен мөрі басылған білім беру ұйымынан қабылданады.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңдеқатысушылар іріктелсе, екіншісінде жеңімпаздар анықталады.

Белгілі әнші, композитор, педагог мамандардан құралған қазылар алқасының шешімі бойынша:

– Гран-при иегеріне –  Құрмет дипломы;
– 1-орын жеңімпазына – Құрмет дипломы;
– 2-орын жеңімпазына – Құрмет дипломы;
– 3-орын жеңімпазына – Құрмет дипломы беріліп, құнды сыйлықтар таратылады.

Байқаудың қорытындысы 2021 жылдың 1 желтоқсанына шығады. 

 

Ұйымдастырушылардың мекен-жайы мен байланыс телефондары

 

Өтінімдер мен бейнежазбалар 2021 жылғы 8 қазанға дейін келесі мекенжайларда қабылданады:

 

Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан к-сі 1А, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті– Елбасы кітапханасы» ММ. Байланыс телефондары: +7 (7172) 69 30 64; +7 702 230 91 66, e-mail: saya_zhakupova@mail.ru. Үйлестіруші – Жақыпова Саягүл Құрбанқызы.

 

Нұр-Сұлтан қаласы, «М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» МКҚК, А. Мамбетова к-сі, 1. Байланыс телефондары: +7 (7172) 32 49 28; +7 701 999 50 14, e-mail: dvorecutemisova@mail.ru. Үйлестіруші – Жапарова Алмагүл Борисқызы.