«Қоғамға танымалдық белгілері» виртуалды көрмесі, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 80 жылдығына және Астана күніне арналған іс-шаралар топтамасы аясында дайындалды.
Көпжылдық атқарған жемісті қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев түрлі отандық, шетелдік және халықаралық марапаттарға ие болды.
Олардың арасындағы жеке бір санатын осы немесе басқа қоғамдық ұйым тарапынан нақты адамның еңбегін тану мен мадақтаудың жоғары нысаны болып табылатын қоғамдық (мемлекеттік емес) марапаттар құрайды.
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тұлғалық феномені оның бастамаларының гуманистік сипатында жатыр. Қазіргі заманғы әлемді қабылдау көкжиектері ұлттық, діни, мәдени – тұрмыстық наным-сенімдермен шектелмеуге тиіс – өйткені бізге Нұрсұлтан Назарбаевтың ойлары мен іс әркеттерімен дәлелденген. Мемлекет басшысының қандай да бір ойларының, бастамаларының алға жылжуы және іске асырылу тарихын оған әр жылдары табыс етілген марапаттар мен мадақтаулар тізбегінен байқауға болады. Қоғамдық марапаттар топтамасында 700-ден астам сақтам бірліктері, оның ішінде: ордендер, медальдар, құрметтік және естелік төс белгілері, куәліктер, дипломдар, грамоталар және сертификаттар бар.
Виртуалды көрме материалдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә.Назарбаевтың мемлекеттік құрылыс және тиімді мемлекетаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі мойындаған еңбегін бейнелейтін түрлі қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, әртүрлі елдердің діни бірлестіктерінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ведомстволар марапаттарының бір бөлігі (78 атау) ғана ұсынылған.
Көрме материалдары өзара байланысты келесідей тақырыптық бөлімдер бойынша ұсынылған:
- ұлттық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы марапаттар;
- ұлтаралық және конфессияаралық келісім саласындағы марапаттар;
- мемлекетаралық ынтымақтастық және интеграция саласындағы марапаттар;
- мемлекеттік басқару және экономика саласындағы марапаттар.
Көрме материалдарымен мына сайттан: https://presidentlibrary.kz «Виртуалды көрмелер»
бөлімінен танысуға болады


