КІТАПХАНАДА «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Тәуелсіздік тарихына замандастар көзқарасы» іс-шаралар аясында «Ұлттық ұлан – мемлекетіміздің сенімді тірегі» тақырыбында кезекті кездесу өтті.

Іс-шараның құрметті қонағы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан факультетінің бастығы, Қазақстан педагогикалық ғылымдары мен Қазақстан әскери ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, РФ әскери ғылымдар академиясының профессоры, полковник Батыров Марат Ескенұлы болды. Әңгіме барысында Ұлттық ұланда қызмет етуде әскери-патриоттық тәрбиенің маңыздылығы туралы айтылды.

Кездесу Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан күніне орайластырылып өткізілді.

Кездесуге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің студенттері қатысты.