КІТАПХАНАДА НАУРЫЗҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында «Тәуелсіздік тарихына замандастар көзқарасы» айдарында «Наурызмейрамының қайта жаңғыруы» тақырыбында кезекті кездесу болып өтті. 

Іс-шараның құрметті қонағы тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Археология және этнология кафедрасының доценті, этнограф Ибадуллаева Зылиха болды.

Кездесу жыл сайын республикада 21-23 наурызда атап өтілетін, Қазақ ССР Президентінің 1991 жылғы 15 наурыздағы «Көктемгі халықтық «Наурыз мейрамы» туралы» Жарлығымен мерекелік күндер күнтізбесіне ресми түрде енгізілген «Наурыз мейрамы» мерекесіне орайластырылған. 

Іс-шараға А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері қатысты. Олар халықтар мен елдерді біріктіретін көктемгі жаңару, күн мен түннің теңелуі қарсаңындағы Орталық Азия мерекесінің мыңжылдық тарихымен танысты.