КИНО – ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҚҰРАЛЫ

28-29 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының жоғары медицина колледжі мен сервис және туризм колледжінің студенттері «Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы кино – тарихтың қайнар көзі» онлайн-кинолекторийіне қатысты.

– Шара киноның әлеуметтік, мәдени және білім беру функцияларын қолданады. Қазақстан тарихындағы Елбасының тарихи рөлі туралы көркем фильмдерді мұқият қарау, мазмұнын талдау арқылы көрермен күрделі мемлекеттік мәселелердің қалай шешілгенін көреді. Фильм кеңес дәуіріндегі адамзат өмірінің ерекшеліктері мен проблемаларын, егемендікке қол жеткізудеҚазақстанның ұзақ та күрделі жолын, халықаралық аренадағы беделінің қалыптасуын, жаңа астананың бой көтеруін жақсы бейнелейді. «Көшбасшы жолы» эпопеясы фильмдерінің желісі, біріншіден, өмірде болған оқиғаларға негізделген. Екіншіден, олардың сценарийі Елбасы кітаптарының мазмұнымен сәйкес келеді. Үшіншіден, тарихи оқиғалардың куәгерлері ондағы ақпаратты толық растайды, - деп түсіндірді Елбасы кітапханасы Әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Аслан Әзербаев.

Кинолекторий саяси детектив желісінде түсірілген «Полигон» (2020 г.) телехикаясының шолуы мен талдауын қамтыды.

Алты бөлімнен тұратын сериал тағдырдың тәлкегін көрген жандардың өмірін суреттеп, Семей ядролық полигонын жабу үшін қоғамның табанды күресін бейнелейді. Сериал сол кездері Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болған Нұрсұлтан Назарбаевтың сынақ полигонын жабудағы шешуші рөлін көрсетеді.

Ақпараттық презентацияның бұл түрі тарихи материалдарды тиімді игеруге, қазіргі ұлттық тарихты кеңінен насихаттауға, қазақ жастарының бойында патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге ықпал етеді.