Елбасы кітапханасының қызметкерлері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті мен орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және қоршаған орта факультетінің бірінші курс студенттеріне онлайн дәріс өткізді. «Елорда – тәуелсіз Қазақстанның символы» дәрісі барысында Елбасы кітапханасы қорындағы архив құжаттары мен фотоматериалдар пайдаланылды.

Ақмола ауылшаруашылық институты – астананың алғашқы жоғары оқу орны. Университет КСРО министрлер кеңесінің қаулысымен және КСРО ауыл шаруашылығы министрлігінің 1957 жылғы қазандағы бұйрығымен құрылды.
Дәріс тыңдаушыларға елорда дамуының тарихи кезеңдері туралы кең материал ұсынып, оны құрудағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың рөлін ашады. Оның барысында студенттер елорда іргетасы қаланған сәттен бастап осы күнге дейінгі сәулет құрылыстарының тарихы мен маңызды саяси және мәдени оқиғалармен танысты.