ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТТЕР ДИАЛОГЫНДАҒЫ РӨЛІ

«Бейбітшіліктің сақталуына тек саяси, экономикалық немесе әскери келісімдер кепілдік бере алмайды.

Сайып келгенде, бұл халықтардың бірауыздан, шынайы және жүйелі қатысуына байланысты».

               

Коитиро Мацуура,

ЮНЕСКО-ның бас директоры, 2000 

 

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында тек еліміздің деңгейінде  ғана емес шұғыл бұрылысты оқиғалар орын алды. 2003 жылдың қыркүйегі жаһандық әлемнің конфессияаралық және этносаралық қатынастары тарихында айтулы күнге айналды. Жас мемлекеттің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемдік қоғамдастық алдында Ұлы Жібек жолының орталығы – Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кездесуін жоғары деңгейде өткізу бастамасын көтереді.

«Бүгінде ежелгі қазақ жері ұлы құрметке ие болды – ол әлемнің түкпір-түкпірінен әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшылары мен жоғары өкілдерін өркениеттер мен діндер арасында диалог жүргізуге шақырады», - деп Елбасы Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезінде әлем діндарларының рухани тәлімгерлеріне баса назар аударды.

Қазақстан жеріндегі алғашқы конфессияаралық диалогқа ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің беделді өкілдері, жетекші халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты. Жоғары деңгейдегі қатысушылар құрамы әр жылдары Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Американың 40 елінен 80-нен астам делегацияны құрады. Қазақстандағы дінаралық саммиттің әлемдік құрылымның жаһандық ландшафтындағы бітімгершілік рөлі зор екені сөзсіз.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен  Қазақстанда дінаралық диалогтың алты ауқымды өкілдік форумының өткізілуі халықаралық өзара іс-қимыл мен әріптестіктің пәрменді институттарының біріне айналды.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун «Бейбітшілік пен даму жолында дін көшбасшылары  және саяси қызметкерлердің диалогы» атты әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінде сөйлеген сөзінде Қазақстан халқына «Өзара түсіністік пен ынтымақтастық мәдениеті және өзара сыйластықты қалыптастыру жолында бар әлемнің діни және саяси көшбасшылары арасындағы аса маңызды диалогты» ілгерілетуге атсалысқаны үшін алғыс айтты. Көрнекі саяси қайраткер әсіресе «осы күрделі мәселелер күн тәртібінің әлеуметтік және жаһандық маңызды бөлігіне айналуын» қамтамасыз етуге бар күшін салғаны үшін Н. Ә. Назарбаевқа ерекше ризашылығын білдірді.

Кездесулер маңыздылығы оның қатысушыларының сандық және сапалық құрамымен ғана анықталған жоқ. Талқыланған өзекті тақырыптар аясына саяси және діни көшбасшылардың адамзат алдындағы, жазықсыз жандар жапа шегетіндей экстремистік зорлық және террорлық актілерге жол бермеу бағытындағы жауапкершілігі бойынша өткір мәселелерді құрады. Осы жылдар ішінде әлемдік дін басылар қабылдаған тұжырымдамалық құжаттарда алдын алу саясатын жүргізу және жаһандық идеологиялық сенім дағдарысын еңсеру бойынша конструктивті ұсыныстар қадағаланды.

 Мұндай ауқымды диалог алаңдарының өнімділігі мен ондағы түрленген мәнмәтін жаһандық әлемдік экономикаға мультипликативтік әсері арқылы көрініс табады. Әлемдік деңгейдегі біртуар мемлекеттік стратег ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың саяси көрегендігі де осында жатыр.

«Жаһандық қауымдастық пен өркениеттер серіктестігін радикалды жаңарту стратегиясы» атты ғылыми еңбегінде Нұрсұлтан Әбішұлы былай деп атап өтеді:«ХХI ғасырда мемлекеттердің өзара іс-қимылы, қарсылық білдіру мен шиеленістерден түпкі мүдделердің ортақтығы негізінде әріптестік пен диалогқа ауысу, яғни барша адамзаттың, жаһандық өркениеттің тұрақты дамуы мәселелері осьтік мәнге ие. ...Диалогсыз, өркениеттердің өзара түсіністігі болмайынша олардың әріптестігі, ортақ мәселені шешудегі күш біріктіруі мүмкін емес».

Жаһандық эко жүйе ауқымында бүгінде іс жүзінде әрбір ел тұрақсыз әлемдік қауіп қатерлер алдында тұр. «Өркениетті технологиялық поляризациялау» бойынша асқынған мәселелер, соның ішінде энергетикалық және табиғи ресурстар жетіспеушілігі, жаһандық қауіпсіздіктің демографиялық және көші-қон үдерістерін тек барлық әлемдік қоғамдастықтың күшін жұмылдырғанда ғана еңсеруге болады. Жер шарындағы барша адамдар мен адамзаттың келер буыны үшін олардың діншілдігіне қарай өмір сүруді қамтамасыз ететін өркениет аса маңызды.

Кеңестік және ресейлік ғалым-физик, ағартушы, РАЕН вице-президенті Сергей Петрович Капица былай деп жазады: «Саналы адам жергілікті, мемлекеттік, өңірлік және жаһандық жайлары тығыз бітісіп кеткен біртұтас әлем болашағы мен өзінің туған елінің болашағына бірдей алаңдаулы болуы керек. Осы тұрғыда ортақ құндылықтарды тану өркениеттер арасындағы диалогтар негізі бола алады».

Алты маңызды әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары кездесулерінің тарихи мақсаты мен орасан зор әлеуетін БҰҰ мен ЕЫҚҰ сияқты жетекші халықаралық ұйымдар жоғары бағалайды. Бүгінде ауқымды диалог бағдарламасын әлемдік қоғамдастық мойындады және ол конфессияаралық бірігудің жаһандық бағдарламасының бір бөлігіне айналды. Елімізде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың мәдени ерекшелігін сақтап қалуы, әлемді нығайту мен қауіпсіздік – Қазақстанның көпвекторлы саясатының басты қыры. Қазақстан халқы үшін оның тарихи  ұлы мұрасы аса құнды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың нағыз дінаралық әріптестікті қалыптастырып, болашақ ұрпақ үшін бейбітшілік пен жасампаздыққа негізделген өркениеттер диалогын қолдаудағы саяси ерік-жігеріне баға жетпес. Тек қазақстандық қоғамды ғана емес, соған қоса әлемдік достастықты біріктіре алу – саяси стратег Н. Ә. Назарбаевтың ерекше, феномендік қабілеті және даналығы. Дәуірлік тарихи оқиғалар хронологиясында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің әлемдік діни көшбасшыларды шоғырландырудағы жаһандық бастамасы мен көрегендігі Қазақстанның ауқымды бітімгершілік миссияларының бірі болып қала береді. Тәуелсіз Қазақстанның саяси көшбасшысының қауіпсіз әлем үшін қосқан үлесін  жаһандық өркениеттің болашақ ұрпақтары сөзсіз бағалайтын болады.