Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен мерекелік концертті тамашалады.
Іс-шара барысында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту ресми түрде басталды.
Мерекелік концертте еліміздің танымал әртістері, опера әншілері, сондай-ақ симфониялық оркестр өнер көрсетті.
Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды Elbasy.kz


