ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Елбасы кітапханасының музейінде елорданың  № 67, № 74 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері» тақырыбында сабақ өтті.

Елбасы кітапханасы Әлеуметтік-ағартушылық жобалар және білім беру қызметінің ғылыми қызметкері, дәріскер Гүлмира Атабаева қазіргі заманғы Қазақстан аумағының ғасырлар бойы ең құнды материалдық әрі рухани жетістіктермен алмасқан көшпелі және отырықшылық кешендерінің қиылысында тұрғандығын атап өтті.

–Бұл жерді тарихи-мәдени және көне өркениеттер ошағы десек болады. Біздің жер ғасырлар естелігінің сыр сандығындай. Мұнда көрнекті ескерткіштер: барлық аумақта зираттар, бекіністер, кесенелер сақталған. Кез келген елде мәдени мұра ұрпақтан-ұрпаққа қалатын құнды қазына екені баршаға мәлім. Оларды алғашқы қалпында сақтау өте маңызды, - деді дәріскер.

Сабақтың тәжірибелік бөлігінде екі топқа бөлінген қатысушылар «Қазақстанның жеті кереметі» тақырыбында өз жобаларын ұсынды.

Дәрістің соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.

№ 74 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Медина Садық:

–Дәрістің тақырыбы маған қатты ұнады. Өзім үшін ежелгі Қазақстан тарихы туралы: тайпалар одағы, мәдениет, сәулет ескерткіштері жайында көптеген мол мәлімет алдым. Дәріскер археологиялық қазбалар мен Қазақстанның атақты ғалымдары туралы қызықты әңгімеледі.

№ 67 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Әйгерім Дәулеткелді:

–Көптеген адамдар ежелгі әлемнің жеті кереметі туралы біледі, бірақ Қазақстанда да құнды мәдени ескерткіштер жоқ емес. Олар бүкіл әлемнің таңданысын тудырып, мойынсұндыруға әбден лайық. Мысалы, Алтын адам біздің мәдениетіміздің бірегейлігін дәлелдейді. Әрбір қазақстандық, жасына, кәсібіне қарамастан, өз Отанының тарихын зерттеп, дәстүрлерін сақтауы керек. Елбасы кітапханасының қызметкерлеріне қызықты сабақ үшін алғысымды білдіремін.