ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИЫҰ-ҒА ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы  құрылыс-техникалықколледжінің оқытушылары «Қазақстан жәнемұсылман әлемі» онлайн-дәрісіне қатысты. Іс-шара егемен еліміздің тарихындағы маңыздыоқиғалардың бірі – Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымына (бұрынғы Ислам конференциясы ұйымы) төрағалық етуіне арналды.

Еліміздің ірі халықаралық ұйымға төрағалықетуі ислам әлемінің саяси сахнадағы Қазақстанықпалын мойындағанын білдіреді.

ИЫҰ-ға кіргеннен бастап, Қазақстан ұйымныңсан қырлы қызметіне белсенді қатысты.

2011 жылы бас қаламызда Ислам конференциясы ұйымы сыртқы істер министрлерікеңесінің 38-ші сессиясы өтті.

Өз сөзінде Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.  Назарбаев ИЫҰ-ның қиын-қыстау кезеңіндеҚазақстанның көшбасшылық пен міндеттерді өзмойнына алатынын белгілеген болатын. Себебі, ХХІ ғасырда ислам әлемі күрделі саясисілкіністерге, экономикалық және әлеуметтікмәселелерге тап болды. Ал әлеуметтік-экономикалық мәселелердің тұрақтылығы ТаяуШығыс пен Солтүстік Африкадағыдай күрделіахуалға әкеліп соғады. 

Осы тұста еліміздің төрағалығын тарихи оқиғаатауға толық негіз барын аңғаруға болады. 

Қазақстанның бастамасымен ИКҰ атауынИслам ынтымақтастығы ұйымына өзгерту шешіміқабылданып, Адам құқықтары жөніндегі тұрақтыкомиссия құрылды. Орталық Азияменынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарыалғаш рет қабылданды.

Қазақстанның халықаралық ұйымға 2011 жылдың маусымынан 2012 жылдың маусымынадейін төрағалық етуінің мәні де терең.

Бүгінгі дәрістің барысында рухани, адамгершілік құндылықтардың қалыптасуындағыисламның рөлі қарастырылды. 

Тыңдаушыларға Елбасы жеке архивінің бірегейматериалдары ұсынылды. 

Елбасы кітапханасының музейэкспозицияларынан Елбасының жоғарымемлекеттік және қоғамдық марапаттарыныңтоптамасымен танысуға болады.