«Қазақстанның бірлігі, тұтастығы және тәуелсіздігі» тақырыбындағы «дөңгелек үстел»

2008 жылдың 10 желтоқсанында Тәуелсіздік күні қарсаңында Тұңғыш Президент Музейінде «Қазақстанның бірлігі, тұтастығы және тәуелсіздігі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Жұмыс барысында егемен мемлекеттің қалыптасу және даму тарихының өзекті мәселелері талқыланды. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар көп этносты қазақстан қоғамының бірлігін сақтау мен нығайтудың бірегей тәжірибесін қорытындылады.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, көрнекті ғылым қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
    Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі басылымдары бойынша ұйымдастырылған кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.
Отырыстың қорытындысында Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.