2016 жылғы 5 желтоқсан күні БАҚ қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған таңдаулы материалдарға «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсының қорытындысы жарияланады. Журналистер арасындағы шығармашылық байқауға Елбасының кітапханасы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры мұрындық болды.
Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева құттықтады. «Тәуелсіздіктің ширек ғасырында күрделі және қызықты саланы таңдап, өмірін журналистикаға арнаған кәсіби мамандардың бірнеше буыны өсті. Конкурсқа жолданған барлық жұмыстар назар аударуға лайық. Әрбір материалдан туған жерге деген сүйіспеншілік сезіледі. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын. Олар өздерінің жұмыстарында Елбасының бастамаларын нақты көрсетіп, оларды түсінікті және қолжетімді түрде қазақстандықтарға жеткізді және еліміздегі негізгі оқиғаларға ерекше көзқарастарын білдіруге тырысқан. Барлық журналистер қауымдастығына мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін», - деп атап өтті Дариға Нұрсұлтанқызы.
Тәуелсіздіктің ширек ғасырында еліміздің дамуына отандық медиа-қауымдастық өкілдерінің қосқан үлесі ұшан-теңіз.
«Конкурсымыздың ауқымы өте кең болды. Жолданған барлық жұмыстар еліміздің ақпарат құралдарында жарияланып, Отанымыздың тәуелсіздік жылдарындағы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктерін көпшілікке кеңінен паш етті. Конкурсқа түскен материалдардың басым көпшілігінің мазмұны терең, көркемдік деңгейі жоғары болғанын атап өткім келеді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Қасымбеков.
Бекітілген ережеге сәйкес конкурсқа арналған жұмыстар биылғы маусымның 1-нен қазанның 31-не дейін 4 аталым бойынша қабылданды: «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала», «Үздік теледидар материалы», «Үздік радиоматериал», «Ғаламтордағы БАҚ үздік жарияланым». Шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 365 материал жолданды. Конкурсқа қызығушылық танытқан 111 автордың арасында облыстардың журналистері ерекше белсенділік танытты.
Аталымдар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді белгілі журналистерден, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінен тұратын конкурстың комиссиясы анықтады:
«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» номинациясы бойынша:
Бірінші орын – Харченко Сергей Васильевич, «Қостанай жаңалықтары» ЖШС бас директоры, Қостанай облысы
Екінші орын – Өтегенов Айтуар Оспанұлы, танымал журналист, Маңғыстау облысы
Үшінші орын – Құланбай Әлисұлтан Мұқанәліұлы, «Егемен Қазақстан» РГ шолушысы, Астана қ.
«Үздік теледидар материалы» номинациясы бойынша:
Бірінші орын – Дремов Александр Германович, директор ТОО «Далгер», Шығыс Қазақстан облысы
Екінші орын - Кобжосарова Сәния Амангелдіқызы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының тілшісі, Ақмола облысы
Үшінші орын - Ахметова Эльмира Сұлтанқызы, «Хабар 24» телеарнасының ШҚО меншікті тілшісі, Шығыс Қазақстан облысы
«Үздік радиоматериал» номинациясы бойынша:
Бірінші орын - Жанділдина Татьяна Серғазықызы, «Қазақ радиосы» «Достық» халықаралық бөлімінің редактор-жүргізушісі, Алматы қ.
Екінші орын - Баймакова Аида Нұрланқызы, «Астана радиосы» редактор-жүргізушісі, Астана қ.
Үшінші орын - Исаев Азамат Ырзағұлұлы, «ORDA FM» радиостансасының директоры, Астана қ.
«Ғаламтордағы БАҚ үздік жарияланым» номинациясы бойынша:
Бірінші орын - Тимур Әубәкіров, «ГИС Әскери Медиа» ЖШС талдамашы-шолушысы, Астана қ.
Екінші орын – Айымгүл Әбілева, "Baq.kz" ақпараттық агенттiгiнің тілшісі, Астана қ.
Үшінші орын – Әсем Құлжанова, «BNews.KZ» ақпараттық агенттігінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі, Ақмола облысы
Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Байқаудың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және төсбелгілермен марапатталады.
Конкурс комиссия өкілдерінің айтуынша, шығармашылық байқау аймақтық журналистиканың тынысын бағамдап, дарынды тілшілерге қолдау көрсетуге жол ашты. «Конкурс жоғары деңгейде өтті. Біздің журналистеріміз өздерінің шығармашылық ізденістеріне жаңаша қолдау алды. Елбасының идеялары мен бастамаларын жазуға, ашуға үлкен серпін берді. Жолданған материалдарда біздің тәуелсіздігіміздің шежіресі, ширек ғасыр ішінде біздің еліміздің еңсерген жолы жан-жақты көрсетілген», - деп атап өтті Журналист, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов.
Конкурсқа жолданған әрбір материал тыңғылықты әзірленді. Журналистер мақаланың мазмұнына баса мән берген. «Мен үшін бірінші орынды иелену тосын жағдайға айналды. Мен «Әлеуметтік жаңғырту» тақырыбында мақала әзірледім. Онда еліміздің әлеуметтік саласының даму жолын жан-жақты зерделедім. Оны жазуға бір айға жуық уақыт жұмсалды. Статистика және инфографикаларды пайдалану, материалды беру тәсілі менің мақаламның ерекшелігі деп ойлаймын», - деп өзінің әсерімен «Ғаламтордағы БАҚ үздік жарияланым» номинациясының І орын иегері Тимур Әубәкіров бөлісті.

«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленген танымал маңғыстаулық журналист Айтуар Өтегенов «Қайта түлеген түбек» мақалаларының циклын әзірлеген. Оның әрқайсысында өңірдің дамуы кеңінен баяндалады. «Менің жұмыстарымда Елбасымыздың өңірімізге іс-сапарлары, оның шешкен түйінді мәселелері жан-жақты қамтылған. Мемлекет басшымыздың ерекше бір қасиеті бар. Ол аймаққа келген кезде қарапайым халықпен етене араласып кетеді, жарқын көңілмен сөйлеседі. Келген бір сапарында концерт өтіп жатты. Сол кезде ол кісі қолына домбыра алып, халық әнін орындап берді», - деп атап өтті Айтуар Өтегенов.





