2017 жылдың 29 қарашасында Қосшы ауылдық округі әкімдігінің сұранысы бойынша Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылдық орта мектебінің ұстаздары мен оқушыларына «Елбасытану» элективті курсының аясында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: тарихи тұлғаның қалыптасу кезеңдері» дәрісі өткізілді.

Дәріскер, Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері Омарова Ләйла Әріпқызы тыңдаушыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен, көшбасшылық бастамаларымен таныстырды.

Дәріс барысында Елбасының туған жері, білім алған, еңбек атқарған өлкелерінде жүргізілген ғылыми-іздестіру жұмыстары нәтижесінде табылған маңызды материалдар тыңдаушылар назарына ұсынылды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың оқушылық шағында, 16 жасында алғашқы наградасын – «жас натуралистер» ұйымының мүшесі ретінде Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесінің (Москва қ.) медалін иеленуі, 1985 жылы қытайлық жас мұғалім Чжоу Бай Сяомен хат жазысып, достасуы, Кеңестер Одағының озат жастарымен бірге съездер мен фестивальдарға қатысуы, әлемнің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагаринмен бірнеше рет кездесуі, космонавт Валерий Быковскийдің қолынан ғарышта болған комсомол төсбелгісін алуы, бокс, күрес сынды сопрт түрлерімен айналысуы туралы және т.б. мәліметтер студенттердің ерекше қызығушылығын туғызды. Сонымен қатар, оқушыларға Тұңғыш Президенттің тәуелсіздікті баянды етудегі еңбегі туралы баяндайтын деректі фильм көрсетілді.

Дәріс соңында мектеп оқушылары Елбасы өміріне қатысты өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, толымды жауаптар алды.

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған мазмұнды іс-шараның қорытындысын жасаған мектеп директоры М. Ш. Досмағамбетов, Қосшы ауылдық әкімдігінің маманы С.М. Казенова Елбасы кітапханасына алғыстарын білдіріп, келешекте сенімді серіктес болуға үміт артатындарын атап көрсетті.