«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» 2015 жылғы жұмысы туралы есеп берді

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбековтің төрағалығымен өткен кеңесте ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы 2015 жылғы атқарған жұмысы туралы қорытынды есеп берді.

Кеңеске ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасарлары Е.Қ. Арпабаев, А.М. Молдағаринов пен Б.Б. Темірболат қатысты.     

Өткен жылдың атқарылған жұмысы туралы басты баяндаманы Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков жасады. Сонымен қатар, Кітапхананың құрылымындағы қызмет басшылары да есеп берді.

Кеңесте сөз алған баяндамашыларға жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері, ағымдағы жыл жоспары мен перспективалық даму мәселелері туралы сұрақтар қойылды. Баяндамашылар есебінен кейін М.Қасымбеков Кітапхананың 2016 жылға арналған бірқатар міндеттерін белгілеп айтты.   

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы М.Б. Қасымбеков есептік кезеңде Кітапханада бірқатар жұмыстар атқарылғандығын атап өтті. Кітапхана қызметкерлеріне біліктіліктерін арттыруға баса мән беріп, мұрағат және кітапхана жұмысына жаңа технологияларды енгізу, озық талдау жарияланымдарын шығару, көпшілік іс-шараларды мазмұнды және тиімді өткізу туралы нақты тапсырмалар жүктеді.