ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Д.А. ЖҮКЕНОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К.ТОҚАЕВ БАСТАҒАН САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ТҮСІНІКТЕМЕСІ

Елімізде 2022 жылдың 5 маусымында Конституцияға түзетулер бойынша бүкілхалықтық дауыс беру болып өтті. Референдум сәтті өтіп, қазақстан қоғамының кең қолдауына ие болды.

Халықтың бүкілхалықтық дауыс беруге кеңінен қатысуы азаматтық сана-сезімнің өсуінің, қазақстандық қоғамның топтасуы мен тұтастығының көрінісі. Қазақстандықтар еліміздің Негізгі Заңына өзгерістер енгізу мәселелері бойынша өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Дауыс берген азаматтардың 80%-ы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер үшін дауыс бергені мәлім.

Референдум қорытындысы қазақстандықтардың Президент Қ.К.Тоқаевпен оның бағдарламасына деген сенімінің жоғары деңгейін көрсетті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, 5 маусымда «маңызды тарихи оқиға болды. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты».

Мемлекетіміз енді  конституциялық реформаларды жүзеге асыруға көшеді. Алда саяси реформалар бағдарламасын іске асыру, қолданыстағы конституциялық заңдарды қайта қарау, жаңа заңдарды қабылдау жөнінде ауқымды жұмыс күтіп тұр.

5 маусымда өткен Референдум Екінші республиканың құрылуына, демократиялық, құқықтық және әділ мемлекет – «Жаңа Қазақстанды» қалыптастырудың бастамасы болды.