ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Б.М. ҚАЙЫПОВАНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К.ТОҚАЕВ БАСТАҒАН САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ТҮСІНІКТЕМЕСІ

Жаздың алғашқы жексенбісінде ел азаматтары өздері үшін маңызды таңдау жасады. Халықтың қалауы бойынша конституциялық реформа таяу болашақта қоғамдағы саяси өзгерістердің нақты бағытын айқындап берді.

Айта кету керек, реформа парадигмасы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттіктің алғашқы айында-ақ айтылған болатын. Мәселен, 2019 жылғы 12 маусымда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Президенттің саяси ерік-жігері қоғам мен мемлекеттің өзара әрекеттесу тетіктерін табуы тиіс жаңа коммуникациялық модельді іске қосты. Алғашқы отырыстардан бастап Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі консультативтік құрылым ретінде табысты әлеуметтік-саяси трансформациялардың орын алуына бастамашы болды.

Білік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог құру бастамасының логикалық жалғасы болып Қазақстан Республиңкасы президенті жанындағы Ұлттық  құрылтайдың жариялауы дәдел болды. Сонымен қатар, бұл ғасырлар бойы қалыптасқан өкілеттік дәстүріміздің жаңғыруы және де қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруына маңызды хабар.

Ал 2019 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдық-саяси қатынастарды жаңғырту векторын белгілеп берді. «Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес» деген негіздегі Мемлекет басышысының концептуалдық тұжырымы кейінгі реформалардың логикасын, мұраттары мен нормаларын айқындап берді.

Жаңғыртудағы маңызды қадам «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясындағы мемлекеттік басқаруды реформалау болды. Азаматтардың барлық сындарлы сұраныстарына жедел және тиімді жауап беру қағидаттарына негізделген тұжырымдаманың негізгі идеясын іс жүзінде жүзеге асыру мемлекеттік аппарат пен жұртшылық арасында дискурс орнатуға мүмкіндік берді. Осыған орай, жаңа байланыс арнасын орнату барысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанынан Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің құрылуы оң нәтиже берді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» құрылысы қолданыстағы цифрлық инфрақұрылымды оңтайлы пайдалану үшін дұрыс межені белгіледі. Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік органдардың қоғаммен өзара әрекеттесу процесінде Facebook, Instagram, Twitter және басқа да әлеуметтік желілерді пайдалануы олардың қоғамдық пікірталасқа қатысуын айтарлықтай кеңейтті.

Бұрынғы мемлекеттік басқарудағы өзгерістер мен қызмет тетіктерінің қалыптасуы «халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» ілгерілеуіне айтарлықтай ықпал етті. Танымал e-gov платформасы мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары жүйесі арқылы халықтың «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді алуы тұрғындар арасында оң көзқарасты қалыптастырды. Дегенмен де ащы ақиқаттың айқындалғанын атап өткен жөн. Бұл реформалардың объективті қажеттілігінің тағы бір стимулына айналды.

Президенттің реформалары ел азаматтарын басқару шешімдерін қабылдау процесіне қосу қажеттілігін өзектендірді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылы өткен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауы халықтың саяси белсенділігін арттырудағы маңызды қадам болды. Елде басталған билікті шоғырландыру бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін жаңартудың маңызды триггеріне айналды. Жуырда қабылданған конституциялық баптар аясында жаңадан құрылған облыстардың әкімдері қызметке тағайындалды. Алғаш рет барлық жергілікті өкілді органдарға (аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі) аймақ басшысын нақты анықтау мүмкіндігі берілді. Бұл тұрғыда Президенттің Қазақстан азаматына негізделетін елді басқарудың институционалдық ортасын бекітіп отырғаны анық.

Әрине, саяси өзгерістер экономикалық қатынастар жүйесінде елеулі өзгерістерге алып келеді. Экономиканың тұтас секторларын монополиясыздандыру шағын және орта бизнесті айтарлықтай дамытады, ал бұл өз кезегінде орта тапты нығайтып, мүмкіндіктерін кеңейте түседі.

Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформалар курсы бәсекелестік институтын нығайтуға бағытталған. Қазақстан Президенті биылғы наурызда Қазақстан халқына Жолдауында: «Экономикадағы, саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюға тиіспіз. Оның орнына ашық әрі әділ бәсеке орнату өте маңызды. Себебі нағыз бәсеке болғанда ғана халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарады. Бүкіл құзырет бір қолда болуына негізделген басқару жүйесі қазір өзінің тиімділігін жоғалтты. Бұл жүйе көзқарасы мен ұстанымы әрқилы азаматтық қоғамды ұйыстыра алмайды», – деген болатын.

Ел азаматтары ішкі өзін-өзі ұйымдастыруды қолға алса, ұсынылып отырған тұжырымдамалық реформалар табысты болмақ. Басқаша айтқанда, қоғамға кеңестік демократияның нақты қадамы жасалуда. Ал азаматтық жауапты қоғам ғана билікке сындарлы талаптар қойып, диалогтың шынайы тарапына өте алады. Реформалардың жарияланған траекториясын халықтың түсінуі – мемлекеттік қызметшілер де, азаматтық қоғам да шешуі тиіс маңызды міндет.