Сәуірдің 22 күні Елбасының кітапханасында Қазақстадағы президенттік институттың құрылғанына 26 жыл толуына орай, экономика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді мен заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының профессоры Зинаида Федотованың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу спикерлері көптеген тарихи оқиғалардың қатысушылары ретінде «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының мұғалімдерімен, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының тыңдаушыларымен және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерімен Қазақстандағы президенттік институт тарихына байланысты әңгіме өрбітті.
Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Б.Қ. Жұмабеков: «Біз сіздермен айтулы оқиға қарсаңында, Қазақстандағы президенттік институтының құрылуына 26 жыл толу қарсаңында жиналып отырмыз. Стратегиялық маңызды институттың құрылуы арқасында жалпы біздің мемлекетіміз қалыптасты», - деді.

Өз кезегінде Өмірбек Байгелді біздің еліміздегі президент институтының дамуы туралы, тәуелсіз жас Қазақстанның қалыптауындағы қиын да жауапты кезең туралы айтып берді.
Ол Қазақстандағы президенттік институтының сәтті қалыптасуындағы себебін Мемлекет басшысының сындарлы саясатымен, қазақ халқының бірлігімен, ұстамдылығымен және төзімділігімен байланыстырды. Оның пайымынша, Кеңес Одағы құрамында болған мемлекеттердің барлығы бірдей бейбіт өмір мен тұрақтылықты сақтап қала алмады, кейбірінде жылдар бойы азаматтық соғыстар жүрді. Қиыншылық пен ауыр сынақтарға қарамастан біздің отандастарымыз үлкен ыждағаттықпен жаңа да еркін Қазақстанды құрды: «Елбасының жетекшілігімен сол кезде дұрыс жол таңдағанымызды уақыттың өзі көрсетті. Енді біздің мақсатымыз – бейбіт өмір мен тұрақтылықты сақтап қалу», – деді Өмірбек Байгелді.

Зинаида Федотова республикадағы президенттік институтының қалыптасуымен таныстырып, мемлекет құруда үкіметтің жасаған қадамдарын еске алды: «Кеңес Одағының ыдырау қарсаңында біздің саяси аренамызда батыл, өршіл Н.Ә. Назарбаев пайда болып, жолымыз болды. Ол Парламентте немесе КСРО Жоғарғы Кеңесінде түйіткілі шешілмеген мәселелерді батыл жеткізіп, оның шешу жолдарын көре білетін. Оны өз халқы ғана емес, бұрынғы кеңес элитасы да байқады. Сол кезде танымал және сыйлы басшы бола білді. Қиын уақыт болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бізге экономикалық дағдарыс, құлдыраған әлеуметтік, денсаулық салалары мұра болды. Сондықтан, ел Президенті барша халықтың қолдауымен таңдалуы керек екені анық байқалды. Оның Мемлекет басшысы деген мәртебесі болуы керек еді. Сол кезде қысқа мерзімде «Қазақстан Республикасы Президентін сайлау туралы» Заң жобасы дайындалды және 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Президент сайлауы өтті. Барлық тарихшылар мен заңгерлер біздің еліміздегі президент институтының дамуы, мемлекеттілігіміздің құрылуы дәл осы күнмен байланысты деген ойда».

Меймандар қатысушылардың Президент институтына қатысты сұрақтарына жауап берді.
Құрметті қонақтар үшін Елбасы кітапханасы бойынша экскурсия өткізіліп, «Қазақстан Республикасындағы президенттік институтыттың қалыптасуы» деректі фильмі көрсетілді.
