Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Тарихи таңдау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

 2014 ж. 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Тарихи таңдау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.Іс-шара Астана қ. Білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырылды. «Дөңгелек үстел» жұмысына Білім басқармасының әдіскерлері, қоғамдық пәндердің оқытушылары, елордалық колледждердің студенттері, жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары қатысты.

       Баяндамашылар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына қысқаша тоқтала келе, егемен Қазақстанның даму кезеңдерін талдап, Қазақстан халқының 1991 жылы 1 желтоқсанда жасаған тарихи таңдауының дұрыстығын атап өтті. 

    Іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Тарихи таңдау. Жасампаздық» тақырыптық көрменің материалдары бойынша дайындалған экскурсиямен жалғасты. Көрмеде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекетті қалыптастырудағы тарихи рөлін көрсететін бірегей мұрағаттық материалдар ұсынылған.