ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ КЕҢСЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ М.Б.ҚАСЫМБЕКОВ АЛМАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДА СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті. Кездесу Елбасы кітапханасының студенттердің қатысуымен ұйымдастырған екі күндік «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренинг аясында өтті.

М.Б.Қасымбеков оқу курсының тыңдаушыларына еліміздің стратегиялық бағытын түсінуі үшін қазақстандық жас буынның Мемлекет басшысының бағдарламалық құжаттарын зерделеу өте маңызды екеніне тоқталды.

– Қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері еліміздің сапалы әрі өз уақытында түбегейлі өзгеруінің идеялық алаңы болды. Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында қазақстандық қоғамның дамуының маңызды бөлігі іске қосылды, қоғамдық сананың барлық деңгейін қамтитын озық өзгерістер бастау алды: өнегелік құндылықтар, діл, мұраттар, көзқарастар, адамдар психологиясы. Олардың терең мағынасы алға жылжуға кедергі жасайтыннан ұлт санасын арылту және қоғамдық ой-сананың сарқыншақтарынан арылып, алдыңғы қатарлы, озық, еркін болуды қалыптастыру. Сондықтан, қазір Қазақстан үшін отандық рухани құндылықтарды игерген, әлемдік үрдісті терең түсінетін, сындарлы ойлайтын және бәсекелі ортада әрекет ете алатын, жаңа қоғамның даму кезеңіне тән азаматтар тәрбиелеу және қалыптастыру өте маңызды екендігін айрықша атап өтті Махмұд Базарқұлұлы.

Кездесуге қатысушылар Елбасы кітапханасының басшысына уақытын бөліп келгені үшін алғыстарын білдіріп, екі күндік семинар-тренингтен алған білімдерін құрдастары мен ортасына насихаттауға және таратуға барлық күш-жігерлерін салатындарына сендірді.