ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНДАҒЫ УКРАИНАНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ П.ВРУБЛЕВСКИЙ КЕЛДІ

Елбасы кітапханасының жетекшісі мейманды мекеме қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Бақытжан Темірболат Тұңғыш Президенттің еңбек жолында Украинаның ерекше орын алатынын атап өтті. Естеріңізге салсақ, 1958-1960 жылдар аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Днепропетровск облысының Днепродзержинск (қазіргі Каменское) қаласындағы №8 техникалық училищеде оқыған болатын.

 Елбасы кітапханасының архивінде сақтаулы тұрған көптеген құжаттардың қатарында  Н.Назарбаевтың көрікші мамандығын тәмамдап шыққанын растайтын куәлік бар.

 Өз кезегінде Петр Врублевский мемлекеттің қарқынды дамуындағы Елбасының маңызды рөлін атап өтті.

 Б.Темірболат Елбасы кітапханасына сапардан естелік ретінде П.Врублевскийге «Нұрсұлтан Назарбаев.  Өмірбаян» кітабын тарту етті.