27 қыркүйекте Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) Х мерейтойлық жалпы отырысына қатысу мақсатында елімізге сапармен келген Түркия ұлы ұлттық мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасы кітапханасымен танысты.
Меймандарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат қарсы алды.
Экскурсия кезінде олар музей залдарында ұсынылған экспозициялармен танысты. М.Шентоп жәдігерлердің Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың егемен Қазақстан дамуындағы тарихи рөлін айшықтайтынын айтты.



