«Қазақ хандығынан тәуелсіз қазақстанға дейін»

2015 жылдың 22 мамыр қүні Елбасы кітапханасының қызметкерлері Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығынан тәуелсіз қазақстанға дейін» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры және БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты «Нұр Отан» партиясы қолдаумен ұйымдастырылды.

Конференция жұмысының мақсаты – Қазақ хандығының құрылу тарихының өзекті мәселелері, Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет ретіндегі генезис мәселелері; Қазақ хандығының дерекнамасы мен тарихнамасы, Хандық биліктің дәстүрлі басқару институттарының эволюциясы, Қазақ хандығы тарихындағы мемлекеттік нышандар.

«Халықтың Қазақ хандығынан тәуелсіз Қазақстанға дейінгі тарихи жолын зерттеу ғылым үшін ғана емес, сонымен қатар қоғам үшін де үлкен мағынасы бар. Қазақ хандығының тарихын жаңаша оқып түсіну өскелең ұрпақтың жаңа қоғамдағы тарихи танымын терең түсінуге мүмкіндік береді», - деді профессор Аяған Бүркітбай.

Конференция барысында 2-секция жұмысы ұйымдастырылды: «Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет» «Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін».

Конференция жұмысына ҚР Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпустың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, шетел ғалымдары қатысты.

Конференция барысында «Қазақ хандығына арналған» кітап көрмесі, және графика-сүрет шебері Рахымжан Қасымжанның «Еуразия көшпелілері» графикалық көрмесі өтті.