Бұл жарқын мереке, алғашқы қарлығаш секілді, көптен күткен көктемнің басталуын бейнелейді, оянған табиғаттың үйлесімділігін өмірімізге әкеледі.
Бұл күні әр үйде, әр шаңырақта аналарына, жарларына, әпке-қарындастарына, қыздарына, құрбы-құрдастарына, әріптестеріне деген сүйіспеншілік білдіретін алғыс сөздер айтылады.
Сіз бұл дүниеге мейірімділік, сұлулық, нәзіктік, ең бастысы махаббат әкелесіз. Бұл сезім болмаса, әлем бос, сұр және күңгірт еді.
Сіздердің барлық істеріңіз, өмірімізді нұрландырған нұрыңыз үшін шынайы алғыс сөздерімізді қабыл алыңыздар! Сіздерге бар жақсылық тілейміз! Бақытты, сүйікті болып, әрқашан жылулық пен қамқорлыққа бөленіңіз!
Ізгі тілекпен,
Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президенті
кітапхана директоры
БАҚЫТЖАН ТЕМІРБОЛАТ