Іргесі берік қаланған ынтымақтастық: тарихи жәдігерлер сөйлейді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткерлерімен, іскер топ өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, Х Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммитінің жұмысына қатысты, «Abu Dhabi Global Market» еркін қаржы аймағын аралап көрді.
БАӘ еліміздің Таяу Шығыстағы сенімді әріптесінің біріне айналып отыр.   являются одним из ключевых партнеров Казахстана на Ближнем Востоке. Қос мемлекеттің сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығы беки түсті. Оған уақыттың куәгерлеріне айналған Елбасы кітапханасындағы жәдігерлер дәлел. Бүгінде рухани ордада Бірік­кен Араб Әмірліктерінен тарту етілген сыйлықтар сақталған.
0U3A5173
«Заид» ордені - БАӘ жоғары мемлекеттік наградасы. Ол екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін мемлекеттер басшыларына беріледі.  2009 жылдың 16 наурызында «Заид» орденін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа БАӘ президенті шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян табыстады.
02 (1)
Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған орден Елбасы кітапханасының аса құнды жәдігеріне айналған.
Сонымен қатар экспозицияда көпшіліктің назарына 2005 жылы Мемлекет басшысына БАӘ президенті сыйға тартқан камин сағаты ұсынылған.
0U3A5138
Сыйлықтар арасында 1998 жылы БАӘ Экономика және сауда министрі шейх Фахим Бин Сұлтан Әл-Хасими тарту еткен дәстүрлі араб қанжары, «Беретта» қаруы бар.
0U3A5201 (1)
0U3A5200