Бүгін Елбасы кітапханасының музейіне Индонезия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рахмат Прамоно келді. Мәртебелі мейманға Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси қызметі туралы баяндайтын экспозициялар көрсетілді

«Қазақстан – тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім елі. Бұл көпұлтты халықты біріктіріп, мықты мемлекет құра білген Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саяси қызметінің нәтижесі. Музей экспозициялары ел тарихы туралы сыр шертетін мол ақпаратқа толы. Сонымен қатар, мұнда заманауи технологиялар өте жақсы қолданылған, бұл алған мәліметті сіңіруге өз септігін тигізеді. Мен өз отбасымды осы музейге міндетті түрде әкелемін», – деп ой бөлісті Рахмат Прамоно.


Экскурсиядан кейін Индонезия Республикасының елшісі Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболатпен кездесті. Мекеме басшысы мейманға сапары үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы өзара әрекеттестіктің маңыздылығын атап өтті.

