Заманауи суретші, пейзажшы әрі портретші, монументалды тарихи полотноларды құрушы, сәндік театр өнерінің шебері, суретші және сәулетші Илья Глазуновтың кескіндерді көшіріп түсірген альбомы Елбасының жеке коллекциясында сақтаулы.
Иллюстрациялық эксклюзивке бай басылым суретшінің Қазақстан Президентін өзінің 2005 жылғы 75 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кешіне шақырған қолтаңбасымен басталады.
Фотосурет альбомының авторы болып табылатын Иван Грабарь - Илья Глазуновтың шығармашылық жетістіктерін сан қырынан, кеңінен бейнелейді.
Кітапта ол тек суретші ғана емес, сонымен қатар тарихшы, сәулетші және қатарында Мәскеудегі Үлкен Кремль сарайының залдары бар көптеген керемет интерьерлерді жасаушы ретінде көрсетіледі.

Илья Глазунов – үш мыңнан астам шығарманың авторы. Альбомға шебердің аса танымал туындылары енген. Олардың арасында 1999 жылы салынған Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті де бар.
1951 – 57 жылдары Илья Глазуновтың Репин атындағы мүсін және сәулет, кескіндеме институтында оқыған кезі кескінделген. Суретші оқуын қорытындылай келе 1941 жылғы кеңес әскерінің шегінісі бейнеленген «Соғыс жылдары» дипломдық жұмысын жазды. Бұл еңбегі бүгінгі күнге дейін сақталмады, дегенмен суретші кейін оның авторлық көшірмесін орындады. Авторлық көшірмесі осы альбомға енгізілді.
Картиналардың көшірмелері жанры мен мағынасына қарай топтастырылған.

Бұл басылым қылқалам туындысының тарихымен таныстыра келе, Ресей суретшілер академиясының нақты мүшесі, Мадрид және Барселона Корольдік көркемөнер академиясының мүшесі, Ресей сәулет және кескіндеме ғылыми академиясын құрушы әрі ректоры Илья Глазуновтың өмірінен толық мәлімет алуға мүмкіндік береді.
