2021 жылдың 20 сәуірінде Елбасы кітапханасында оқушылар арасында үздік ғылыми жобаға жарияланған «Әлемді өзгертетін идеялар» конкурсының финалы өтті.
Байқауды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ұйымдастырды.
Елбасы кітапханасы қызметінің басым бағыттарының бірі оқушылармен жұмыс істеуге негізделген. Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының тарихи тәжірибесі көрсеткендей, азаматтық қоғамның қалыптастыруда, көпұлтты мемлекеттің тұтастығы мен бірлігін нығайтуда жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру – маңызды құрал.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Ата-бабасын құрмет тұтатын халық, болашақ ұрпағын мінсіз дайындайды», - деп атап өтеді.
Байқау оқушылардың қоғамдағы өзекті мәселелерді зерттеу мен жүзеге асыруға бағытталған ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруды; Елбасының бастамалары мен идеяларын жүзеге асыру мен насихаттауда оқушылардың ғылыми зерттеулерінің деңгейі мен негізгі бағыттарын зерделеуді; талантты және дарынды жас зерттеушілерді анықтап, қолдауды көздейді.
8-10 сынып оқушылары арасында өтетін қалалық байқау Елбасы кітапханасы мен «Астана дарыны» орталығының көпжылдық серіктестігінің арқасында жетінші рет ұйымдастырылып отыр.
Биылғы байқау ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, гуманитарлық, политехникалық және әлеуметтік бағыттарды қамтыды. І айналымның қорытындысы бойынша финалға қазақ және орыс тілдерінде 60 ғылыми жоба іріктелінді.
Конкурстың негізгі жобаларынан белгілі тұлғалардың өмірбаяны мен қоғамдағы рөліне деген балалардың қызығушылығын байқауға болады. Олар «Туған жер» бағдарламасының аясында жүзеге асқан. № 28 мектеп-лицейдің «Получение тепла из солнечного коллектора», № 66 мектеп-лицейдің «Каспийдегі суасты демалыс орталығы», Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінің «Ормандағы көлемді өрттерден қорғау жүйесі», «Центральная» экономикалық лицейдің «Өсімдік отырғызуға арналған робот» жобаларының макеттері ерекше қызығушылық тудырды.
Құрамына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Д.Ерғалиев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Сейтқазина, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, PhD докторы, биология ғылымдарының кандидаты А.Заңдыбай, Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері Ә.Оспанова кірген қазылар алқасына жеңімпаздарды таңдау қиынға соқты. Бұл барлық ғылыми жобалардың жоғары деңгейде орындалғанын аңғартады. Нәтижесінде финалисттер арасындағы орындар төмендегідей бөлінді:
І дәрежелі дипломды Аделия Су - № 28 мектеп-лицей, Айғаным Мұрат (№4 мектеп-гимназия) иеленді.
ІІ дәрежелі дипломмен Анелия Молдаш (№ 51 мектеп-гимназия); Түсіпбекова Жадыра, Еркежан Данил (Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде мектебі») Ербол Данияров, Санжар Букебаев (№ 85 мектеп-лицей); Расул Жанабай (№87 мектеп-гимназия); Ұлдана Кембай (№ 53 мектеп-лицей); Абылайхан Қанағат (№ 77 мектеп-гимназия); Даниэль Газизов, Валерия Сосновская (№ 36 орта мектеп) марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен Дайана Ли (№ 63 мектеп-гимназия); Андрей Чудинов, Козин Константин (Орталық экономика мектебі); Жұлдыз Кендірова (№ 15 мектеп-лицей); Ақнұр Жанболатқызы (Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде мектебі»); Ерасыл Омаржанов (Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде мектебі»); Адина Жұмашева (№ 77 мектеп-гимназия); Гүлира Бекмаматқызы (№ 7 мектеп-гимназия); Алина Жеңісова (№ 74 мектеп-гимназия); Марал Оралбаева (№ 8 мектеп-гимназия); Шахматова Дильназ, Ердана Шәкібай - № 2 мектеп-гимназия); Ақбота Елемес (№ 53 мектеп-лицей); Вероника Татура (№ 72 мектеп-лицей) иеленді.
Грамотамен марапатталғандар: Нұрислам Жиенбек (№ 65 мектеп-гимназия); Нұрсая Тасжүрекова, Еңлік Әділ (№ 66 мектеп-лицей); Аружан Болатова, Жаннұр Ескермес (№ 8 мектеп-гимназия); Айым Карбек (Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде мектебі»); Әнел Амангелді (Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде мектебі»); Айша Есбол, Таңырыс Бейсен (№ 85 мектеп-лицей); Алдияр Мыңбаев (№ 7 мектеп-гимназия); Әзиз Асқар (№ 87 мектеп-гимназия); Асылбек Бұрымбаев, Батырхан Бейсенов (№ 64 мектеп-лицей); Нұрай Алғысова (№ 37 мектеп-гимназия); Дарья Зуева (№ 79 мектеп-лицей); Әдемі Балтабаева (№ 4 мектеп-гимназия).

