ЕЛОРДА – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИМВОЛЫ

Бүгін Астана күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің қоғамдық пәндер мұғалімдері және Елбасы кітапханасының еріктілері үшін «Елорда – тәуелсіз Қазақстанның символы» тақырыбында кинолекция өткізілді.

«Астананың негізін қалау: көшіру», «Астана – болашақтың қаласы», «Еуразия жүрегінде», «Арман сәулеті», «Нұр-Сұлтан. Қаланың қалыптасу тарихы» атты деректі фильмдердің фрагменттерін тамашалай отырып, тыңдармандар елорданың қалыптасуының негізгі кезеңдерімен, маңызды саяси және мәдени оқиғалармен, ірі сәулет жобаларының пайда болу тарихымен егжей-тегжейлі танысты.

Бұдан басқа, қаланың пайда болу тарихы, елорданы көшірудің алғышарттары, Астананы құрудағы және оның халықаралық беделін нығайтудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлі мен бастамаларына қатысты мәселелер қарастырылды.

Кинолекция барысында Елбасы кітапханасының архив қорынан алынған материалдар: бірегей тарихи фотосуреттер мен құжаттар пайдаланылды.

Дәрістен соңғы экскурсия барысында педагогтар Елбасы кітапханасы музейінің экспозицияларымен және көрмелерімен танысты.