Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә.Назарбаевтың мерейтойына арналған «Елін сүйген Елбасы» атты үздік музей сабағына педагогтардың шығармашылық шеберлігін анықтайтын республикалық онлайн байқауын қорытындылады. Сайысқа Қазақстандағы барлық «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» пән мұғалімдері мен тәлімгерлері қатысты.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттің қалыптасуы, Тәуелсіздік алу, Қазақстанның халықаралық кеңістікке интеграциялануы, елдің экономикалық және мәдени жаңғыруы, тұрақты дамуын нығайту жолындағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тарихи рөлін ашу. Сондай-ақ музейлік білім беру саласындағы әріптестік пен білім және мәдениеттің дамуына ықпал ету.
Қатысушылар өз жұмыстарында оқушылармен музейлік құндылықтарды меңгеру үрдісін тиімді ұйымдастыра білу және музейге жиі келу мен музейлік коммуникацияға қосылудың қажеттілік деңгейіне жеткізетін қызығушылықты дамыту іскерлігін көрсете білді.
Байқауға қатысушылар ұйымдастырушыларға жас ұрпақты тәрбиелеудегі өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Нұркен Абджалиев өз ойымен бөлісті: «Бұл байқауға қатысу арқылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз қазақ елін дамыту жолында жасаған еңбектерінің мағынасын жас ұрпаққа өнеге етіп көрсетуді мақсат еттім. Елбасының сара жолын ұстану арқылы нағыз патриот ұрпақты тәрбиелей аламыз».
Байқау комиссияның шешімімен жеңімпаздар анықталды:
Бас жүлде – Дина Әшімова (Орал қ., ФМБ НЗМ тарих пәнінің мұғалімі);
І орын – Нұркен Абджалиев (Қызылорда қ., ХББ НЗМ тарих пәнінің мұғалімі);
І орын – Надежда Лосева (Қостанай қ., ФМБ НЗМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі);
ІІ орын – Анар Сапарғалиева (Нұр-Сұлтан Халықаралық мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі);
ІІІ орын – Раушан Молдабекова (Қостанай қ., ФМБ НЗМ
география пәнінің мұғалімі);
ІІІ орын – Ақбота Таубалдиева (Алматы қ., ХББ НЗМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі).
Барлық жеңімпаздарға диплом және естелік сыйлықтар, қатысушыларға сертификаттар беріледі. Елбасы кітапханасы жеңімпаздарды құттықтап, барлық қатысушыларға алғыс білдіреді.

