«Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» республикалық форумы
Назарбаев Орталығының бастамасымен және ұйымдастыруымен 26 маусым күні Семей қаласында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты республикалық форумның қорытындысы шығарылды.
Қазақстанның таң қаларлық жетістіктерінің барлығында – тұтас халықтың, оның ішінде әрбір қазақстандықтың ерен еңбегі мен орасан зор үлесі бар. Ел мен ер тағдырының тұтастығы – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі. Жобаны жүзеге асыру идеясы осындай ойды темірқазық тұтудан туды.
Қоғамның қозғаушы күшіне айналған форум жалпыхалықтық сипатқа ие болып, бұқарадан қолдау тапты. Республикалық форум еліміздің барлық аймағында жыл сайын өткізілетін болды. Биылғы форум ақпан айында Ақмола облысынан бастау алды. Содан бері қалалық, аудандық, облыстық деңгейде 206 форум ұйымдастырылып, оған 70 мыңға жуық адам қатысты. Жалпыхалықтық жиынның жалауы Астана, Алматы қалаларында да желбіреді.
Барлық форумда көрнекті қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің қызметкерлері мен ғылыми, шығармашылық қауым, соғыс және еңбек ардагерлері, интернационалис-жауынгерлер, танымал спортшылар сондай-ақ жастар ұйымдарының көшбасшылары спикер атанып, сөз сөйледі.
Форум шеңберінде Facebook әлеуметтік желісінде байқау ұйымдастырылып, әр облыстан қатысқан үміткерлерге әлеуметтік желілердің тұрақты қолданушыларының дауыс беруі арқылы «Өмірді құтқарудағы ерлігі үшін», «Өз ісіне адалдығы мен тәлімгерлігі үшін» және «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» деген аталымдардың жеңімпаздары анықталды. Нәтижесінде «Өз ісіне адалдығы мен тәлімгерлігі үшін» аталымына Қарағанды облысының өкілі Евгений Ермолаев лайық деп танылса, Батыс Қазақстан облысының үкілі үміті Дариға Міндеева «Өмірді құтқарудағы ерлігі үшін» марапатталды. Ал «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» деген аталымында Қарағанды облысының тұрғыны Гүлнар Құрбанбаеваның жұлдызы жанды.
«Спартак» стадионында өткен форумға 10 мыңға жуық адам қатысты. Жиналған жұртқа Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. Сапарбаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Форумда аймақтардан келген қатысушылар сөз сөйледі. Олардың арасында Невзоровтар атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры – Татьяна Стромская,Арселор Миттал Теміртау» АҚ домналық цехының көрікшісі – Әлібек Алпысбаев, «Мен өмірді сүйемін» қоғамдық қорының құрылтайшысы, «Мені сені сүйемін, Өмір!» бағдарламасының авторы, журналист – Меруерт Сүлейменова, кәсіпкер Максим Пак және Азияның абсолютті чемпионы әйелдер пауэрлифтингі бойынша, балалар мен жасөспірімдерге арналған Қандыағаш спорт мектебінің жаттықтырушысы Ольга Черемисина болды. Басқосу барысында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты деректі фильм көрсетілді.
Делегаттарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы қойылған кітаптар табысталды.
Дәл осы күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Қазақстандық жол» оқу-тәрбие орталығында Назарбаев Орталығының ресми өкілі Оксана Лоскутова мен форум спикерлері журналистермен жүздесіп, жалпыұлттық жобаға қатысты пікірлерімен бөлісті.
Қанат МАХАМБЕТ, Назарбаев Орталығының баспасөз хатшысы
Тел.: + 7 7172 572335, +7 701 538 30 72, e-mail: infokanat@mail.ru
[kiwi_broadcast]
[gallery ids="449,450,451,452,453,454,455,456,457,458,459,460,461,462,375"]