ЕЛБАСЫНЫҢ ЖЕКЕ КІТАПХАНАСЫ ЖАҢА БАСЫЛЫМДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Үстіміздегі жылдың басынан бастап Елбасы кітапханасының қоры 237 басылыммен толықты. Олардың бәрі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа табысталған тартулықтар.

Олардың қатарына кіретін «Түркістан әскери округімен шектесетін мемлекеттерге қатысты деректер» кітабы – сирек кездесетін басылым.

1899 жылы Ташкенттегі Түркістан әскери округі аймақтық штабының типографиясы басып шығарған басылымның «Көпшілікке жариялауға тыйым салынады» деген белгісі бар.

Бұл – жабық баяндамалардың сегізінші шығарылымы. Штаб офицерлері дайындайтын мұндай құжат әскери дайындықтың, жортуылдың, барлаудың өзекті мәселелерін қамтиды.

Кітаптың мазмұны «Қазіргі ахуал», «Әскери хабаршы», «Лорд Эльгин тұсындағы Индияның кей оқиғалары», «Шығыстағы Англия мен Ресей», «Персияның Британия үшін маңыздылығы», «Қашқардағы бассыздық», «Қабылдағы шеберханалар», «Оба індеті туралы деректер», «Қытай мен оның үкіметі», «Үнді-британ әскеріне қатысты деректер», «Орыстар Үндістанға шабуыл жасай ала ма?».

Басылымның басым бөлігі «Азиядағы жертану. Ресей мен Сібір,Қытай империясы, Түркістан, Тәуелсіз Татария, Персия сияқты Ресеймен шектес жатқан елдердің құрамына кіретін елдердің географиясы» атты кітаптың Карл Риттер жазған аудармасының 4-томына тиесілі. Бұл том 1832-1876 жылдар аралығындағы Алтай мен Саян тау жүйелері туралы жаңа георграфиялық деректерді қамтыған алғашқы томды толықтырады. Ол Семей облысы, Томск губерниясына қатысты статистикаларды, Алтай мен Саян жотасын тұрғындаған халықтарға қатысты деректерді қамтиды.