Елбасының Кітапханасында «Нұр Отан» партиясының «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымы құрылды

1X7A3795

14 сәуір күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасының Президентіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді тұлғаларымен кездесу өтті. Кездесуде  «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары  – Әлия ҚАЙШАРОВА, «Бірлік» филиалының Саяси кеңес мүшесі – Ақжүніс ОРАЗАЛИНА,  Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігі ардагерлер Кеңесінің төрағасы – Михаил ТРОШИХИН  қатысты.

1X7A38730

Алдымен сөз алған Михаил Трошихин «24 сәуірде халық Нұрсұлтан Назарбаевты өз президенті деп атағанына 25 жыл толады. Алдымен, Жоғары Кеңес таңдауын жасады. Кейін бірнеше сайлау өтіп, біздің үміткеріміз барлығында жеңіп шыққан еді. Сіздер мен біздердің белсенділігіміздің арқасында 26 сәуірде кезекті рет жеңіске қол жеткізеді деп ойлаймын. Астана үлгі көрсетуі керек. Сондықтан да баршаңызды сайлауға баруға шақырамын», - деді.

«Бірлік» филиалының Саяси кеңес мүшесі Ақжүніс Оразалина өз сөзінде былай деді:

«26 сәуір  ел бо лашағын айқындайтын күн. Президент сайлауында әрбір  азаматтың, Қазақстандықтың өз  жүрек қалауын білдіруінің өзі өте зор екенін сіздерге айтудың  қажеті жоқ, себебі бұл әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Сондықтан да  Қазақстан Республикасының негізін  қалаушы, Елбасымыздың арқасында бүгінгі күні біз тәуелсіздік жылдарында  «жүз жылдарға тең жолдан өттік» деп айта аламыз. Біздің  көшбасышымыздың арқасында біз қуатты, өсіп, өркендеген,  бәсекеге  қабілетті,  бүкіл  әлем құрметтейтін мемлекеттің қатарына кірдік».

1X7A3782

Кездесуден кейін Елбасы Кітапханасының қызметшілерінен тұратын «Нұр Отан» партиясының ашық жиналысы өтті. Онда Кітапхана жанынан «Тұңғыш» атауымен бастауыш партия ұйымын құру туралы шешім қабылданды. Бастауыш партия ұйымының төрағасы ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай ҚУАНЫШЕВ сайланды. Ұйым хатшысы болып имидждік-ұйымдастыру қызметінің аға сарапшысы Құралай ШАЙКЕНОВА сайланды.

Сонымен қатар, сол күні «Нұр Отан» партиясының қатары Кітапхананың 3 қызметшісімен толықты.

«Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия ҚАЙШАРОВА Кітапхана ұжымын бастауыш партия ұйымының құрылуымен құттықтап, партия қойған мақсаттарды орындауда сәттілік тіледі.