26 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Елбасының кітапханасы және Республикалық мемлекеттік мекемелер, атап айтқанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты», «Археография және деректану ұлттық орталығы»және «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум Қазақстан Республикасының жетістіктері мен Мемлекет басшысының бастамаларын насихаттау, өздерінің жинақ қорын тиімді пайдалану мақсатында жасалды.
Бұл келісім тараптардың зерттеушілеріне еш кедергісіз мұрағаттық материалдармен жұмыс істеуге септігін тигеді. Сондай-ақ, басылымдармен, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен алмасуға, бірлескен мұрағаттық құжаттарды жариялауға, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге, деректі көрмелер ұйымдастыруға және жұмыс тәжірибесімен алмасуға жол ашылады.
Меморандумға Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының директоры Марат Әбсеметов, «Археография және деректану ұлттық орталығының директоры Лаззат Әбдірәсілова,Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының директоры Балқия Баймағанбетова қол қойды. Кейін Елбасы кітапханасының қонақтары үшін экскурсия өткізілді.


