Елбасының кітапханасы: «Бірлік – мемлекеттіліктің іргетасы»

29 сәуір күні Елбасының кітапханасында Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстандағы Әзірбайжан мәдени орталықтарының Президенті, түркітанушы, тарих ғылымдарының докторы Видади Салаховпен және «Коғамдық Келісім» РММ этномәдени бірлестіктерімен жұмыс бойынша бас сарапшысы Хадиша Ерсеитовамен кездесу өтті. Шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды.

0U3A6947

Кездесуге Астана қ. мектептерінің 9-10 сынып оқушылары, Кітапхананың қызметкерлері, «Тұңғыш» бастапқы партия ұйымының мүшелері қатысты.
Қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков: «Биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше жыл – тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Ол маңызды оқиғаларға толы, жуырда ғана Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV cъезі өтті, былтыр жиырма жылдығын атап өтті. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы барша этностарды бір халыққа біріктіретін бас институт. Қазақстан – өзінің бірлігін қадірлейтін көпұлтты отбасы», - деді.

Видади Салахов та кездесу қатыстысушыларын құттықтады: «Біз бір елдің азаматтарымыз. Бір елде тұрып, бір болмау мүмкін емес... Қазақстан халықтың бірлігі – әлемдегі жұмақтың бір бөлігі», - деді.

0U3A69366

Қоғамдық қайраткер тәуелсіз Қазақстанның құрылуы кезіндегі қиын жылдарды еске алды. «Халықтың бірлігі мен Елбасының даналығы арқасында тұрақты әрі мықты ел құрылды» деп ой білдірген ғалым, сталиндік репрессиялар кезінде әзірбайжан және басқа репатрианттарға деген қазақ халқының қолдауы туралы да айтып өтті. «Қазақстан сталиндік зұлымдық кезінде 110 мың әзірбайжандықты қабылдады. Олардың көбі тірі қалды. Бүгінде Қазақстанда 200 000 әзірбайжандық тұрады. Ұжымдастыру мен аштықты жеңе білген қазақ халқы, жоқшылыққа қарамастан өзінің жанының генетикалық кеңдігінің арқасында тағдырдың соққысымен қазақ даласына келген түрлі халықтардың мыңдаған өкілін аштықтан аман алып қалды. Бұл кейде осы күндері жоғалтып алатын мейірімділік сезімі. Сіздерді мейірімді болуға шақырамын».

Видади Салахов Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін де, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бітімгерлік миссиясын да тілге тиек етті.

0U3A6965

Кездесу қанақтары Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV съезі, докторлық диссертациясы, ғалымдық туралы және жексенбілік ұлттық мектептердің бағдарламасы туралы қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Видади Салахов қазақтың ең сүйікті дәстүрі ретінде қонақжайлылықты атады.
Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту аясында Елбасы кітапханасына 25 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері келді. Олардың қатарында – «Қазақстанның «Мицва» еврей ұлттық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ жетекшісі Александр Барон, «Қазақстанның румын-молдаван қауымдастығы» ҚБ төрағасы Владимир Васильев, «Қазақстан Республикасының «Наири» армян мәдени орталықтары қауымдастығы» РҚБ төрағасы Артуш Карапетян, «Алматы қ. венгр мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Александр Папп, «Авиценна» мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Бекпулат Ташпулатов, «Қазақстанның «Филия» грек бірлестіктерінің қауымдастығы» ҚБ жетекшісі Павел Феодориди, «Күрдтердің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ төрағасы Князь Мирзоев. Кітапхананың құрметті қонақтары экспозициялармен және «Болашақ үшін естелік» атты көрмесімен танысты.

Сонымен қатар, бұл күндері кітапхана келушілері үшін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған тақырыптық кітап көрмесі дайындалды.

0U3A7008