Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Астана күніне арналған іс-шаралар топтамасы аясында «Елбасының асқақ арманы» виртуалды көрмесін ұсынады. Көрме Елбасының жеке мұрағатынан, Елбасы кітапханасының кітаптық және музейлік жинақтарынан алынған материалдарды талдау негізінде Астананың қалыптасу және даму тарихын кешенді зерттеудің нәтижесі болып табылады.
Виртуалды көрме үш бөлімнен тұрады:
«Н. Ә. Назарбаев – астананың бас сәулетшісі» бөлімі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жаңа елордаға Шығыс пен Батыстың үздік технологиялары мен дәстүрлерін біріктірген қайталанбас сәулет келбетін беру жөніндегі шығармашылық идеяларын іске асыру туралы баяндайды.
«Нұр-Сұлтан – егеменді Қазақстанның жаңа Астанасы» бөлімінде әлемдік қауымдастық үшін елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының индикаторы, бірегей қазақстандық даму жолының бейнесі болып табылатын жаңа Астананың қалыптасу тарихы көрсетілген.
«Нұр-Сұлтан – дипломатия, бітімгершілік және халықаралық даму орталығы» бөлімінде ұсынылған материалдар жас Астананың және жалпы мемлекеттің халықаралық мәртебесін нығайтуға ықпал еткен Нұр-Сұлтан қаласында өткен жаһандық ауқымдағы маңызды оқиғаларды бейнелейді.
Елбасының Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 1994 жылы шілдеде астананы көшіру бастамасымен үндеуінің тарихи сәтінен ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Қысқа уақыт ішінде бұл ауқымды идея жүзеге асты, жаңа елорда салынды, еліміздің бас қаласында Қазақстан азаматтарының жаңа ұрпағы өсті деп сенудің өзі қиын.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы мен саяси ерік-жігерінің арқасында бүгінде Қазақстанның елордасы елдің әкімшілік, экономикалық, ғылыми және мәдени орталығы ретінде орналасқан әлемнің саяси картасында мықты орын алды. Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі астанасы Қазақстан туралы идеяларды өзгерте отырып, біздің заманымыздың ең ірі геосаяси жобасына айналды.
Астана жылнамасындағы әрбір атау, – Ақмола-Целиноград-Ақмола-Астана бүкіл тарихи дәуірді білдіреді. Өзінің 20 жылдық тарихында Астана Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың нағыз сүйікті қаласына, Тәуелсіз Қазақстанның символына айналды.
Биылғы жылы біз алғаш рет Астана күнін жаңа мәртебемен атап өтеміз, ол қалаға өзінің жаңа есімін – Нұр – Сұлтан береді. Елордаға жоғары атау Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 23 наурыздағы Жарлығымен берілді. «Елбасының асқақ арманы» виртуалды көрмесі қалың көпшілікке еліміздің бас қаласы шежіресімен танысуға мүмкіндік береді.
Виртуалды көрме материалдарымен мына сайтта: https://presidentlibrary.kz/ru «Виртуалды көрмелер»
бөлімінен танысуға болады.


