Авторлық қолтаңба тарихтан сыр шертетін құнды жәдігер. Кітапхана қорында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тарту етілген кітаптардың орны ерекше. Қолтаңбасы бар басылымдарды мемлекет басшылары, қоғамдық және саяси қайраткерлер, қаламгерлер сыйлаған. Бірегей кітаптарды «Елбасына естелікке қолтаңба» көрмесінде парақтауға мүмкіндік бар.
Топтама тарихтың куәгеріне айналды. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер 1995 жылы жарық көрген «Билікке апарар жол» ғұмырнамалық кітабын ізгі тілекпен Елбасына тарту еткен.
«Аса мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа. Еліңіздің табыстарына менің құттықтауым деп ұғыңыз. Ыстық сәлемімді қабыл алғайсыз». Малайзия премьер-министрі Махатхира Мохамада қолтаңбасын «Өз еліндегі доктор. Махатхира Мохамаданың мемуарлары» кітабында қалдырған.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметпен және игі тілекпен. Ли Куан Ю» деген қолтаңбамен сыйланған кітап алыстан менмұндалайды.
Елбасына АҚШ, Литва, Түркия, Эстония, Болгария, Үндістан, Индонезия президенттері сыйлаған басылымдар мемлекеттер арасындағы достықтың көрінісіне айналған.
Көрмеге қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері тарапынан тарту етілген кітаптар ұсынылған. Олардың арасында Медеу Сәрсекенің, Әзілхан Нұршайықовтың қолтаңбалары бар. «Еліміздің әрі басшысы әрі қосшысы Нұрсұлтан Әбішұлына бауырлық мейіріммен» деп өзінің лебізін Әбділда Тәжібаев білдірген.
Бүгінде Кітапхана қорында авторлық қолтаңбасы бар 570 кітап сақталған. Олардың 90-ы көпшіліктің назарына ұсынылған.
Көрме және экскурсиялар тегін.