«ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ, КІТАПТАРЫ ЖӘНЕ МҰРАҒАТТЫҚ ҚҰЖАТТАРЫНДАҒЫ ЕЛ ТАРИХЫ»

Елордамызда ЭКСПО-2017 көрмесі өтуінің барысында Елбасы кітапханасының қорлары жаңа жәдігерлермен толықты. Олардың тарихы халықаралық мамандандырылған көрменің маңызды оқиғаларынан сыр шертеді.

2017 жылғы 10 маусымда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға алғаш ресми сапармен келген Испания Королі VI Фелипемен кездесті. Елбасы Испания Короліне Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы жан-жақты қолдауы мен халықаралық аренадағы ниеттестігі үшін алғыс айтты.

2017 жылғы 17 шілдеде Испания Королі VI Фелипенің атынан Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор Мемлекет басшысын Католиктік Изабелла Орденімен марапаттады.  Бұл марапат Испания Корольдігінің азаматтық ордені ретінде мемлекет алдындағы жетістіктер үшін шетелдіктерге де табыс етіледі.

Орденді 1815 жылғы 14 наурызда испан королі VII Фердинанд Кастилия патшайымы I Изабелланың құрметіне бекітті. Алғашқысында «Католиктік Изабелланың Корольдік Америкалық ордені» деп аталған марапат Америкадағы испан иеліктерін қорғауда танытқан адалдық пен жігерлік үшін берілген болатын.

1847 жылы Корольдік декретке сәйкес, орден қайта құрылып, «Католиктік Изабелла Ордені» атты жаңа атаумен азаматтық жетістіктер үшін берілетін болды. 1998 жылғы Корольдік декретпен орден негізгі дәрежесіне күміс және қола медальдер іспетті озаттық белгілер қосылды.

W:\Photo temp\Музейная коллекция\Новые Поступления\2017 07 20\ASN_3864.JPG     W:\Photo temp\Музейная коллекция\Новые Поступления\2017 07 20\ASN_3847.JPG      W:\Photo temp\Музейная коллекция\Новые Поступления\2017 07 20\ASN_3884.JPG

ЭКСПО-2017 шежіресіне жазылған тағы бір айтулы оқиға – ағымдағы жылдың 12 маусымында өткен Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Татарстан Республикасының Президенті Р.Н. Миннихановпен кездесуі болды. Оның барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов Астана, Қазан қалалары арасындағы мәдени және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Р.Миннихановты Ресей күнімен құттықтап, екі ел арасында қалыптасқан достық қатынастар туралы айтты.

C:\Documents and Settings\karagizovag\Рабочий стол\Орден Татарстан\ASN_0822.JPG              C:\Documents and Settings\karagizovag\Рабочий стол\для соцсетей, 14.07.17\Орден Татарстан\ASN_0825.JPG

– Ресеймен де, Татарстанмен де арамызда достық қарым-қатынас орныққан. Қазақтар мен татарлар тарихы, мәдениеті, тілі мен әдет-ғұрпы жағынан бір-біріне өте жақын. Экономикалық байланыстарымыз да жақсы. «KAMAZ» кәсіпорнымен жұмыс жүргізіп келеміз, Алматыдағы тікұшақ зауытына қатысты жобаны іске асырудамыз. Осы және басқа да экономикалық байланыстарды, соның ішінде мұнай химиясына қатысты байланысты жалғастыра беру керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Татарстан Президенті Қазақстанға келген миссиясы туралы айтып, елордамыздың жаңа архитектуралық нысандары мен «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінен алған әсері жөнінде ой бөлісті.

Кездесу соңында Р.Н. Минниханов Қазақстан Президентін «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапаттап, Мемлекет басшысын Татарстанға келуге шақырды.

Бүгінде Католиктік Изабелла Ордені мен «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» ордені Елбасы жоғары наградаларының топтамасына кіріп, Кітапхана экспозияларында ұсынылған.