2016 жылдың 12 қаңтарында Елбасы кітапханасының экспозициялық көрмесі жаңа экспонаттармен толықты. Жаңадан түскен экспонаттар қатарында Мемлекет басшысының киімдер комплектісі және жұмыс сапарына қажетті керек-жарақ заттар салынған 2 кейсі бар. Алдағы уақытта бұл заттар «Президент» экспозициялық көрмесіне қойылады.
Н.Ә. Назарбаевтың спорттық жеке заттары «Президентке берілген сыйлықтар» экспозициясында орналасқан. Елбасының спорттық костюм комплектісіне гольф ойынына арналған бейсболка, футболка, шолақ шалбар, кроссовка, күнқағар бас киімі, орамал, гольф клюшкасы мен добы енген.
Экспозиция көрмесіндегі атақты бразилиялық спортшының қолтаңбасы бар «PELE №10» футболкасы мен «CAFÉ PELE» футбол добы Кітапханаға келушілер мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырады. Аталған спорттық заттарды біздің Президентке 2007 жылғы 27 қыркүйекте Бразилияға жасаған ресми сапары барысында Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силва сыйлаған болатын.
Спортқа қатысты коллекциядағы тағы бір қызықты сыйлық – «Астана» велокомандасының бас менеджері, 2015 жылы «Тур де Франс» көпкүндік веложарысының жеңімпазы Александр Винокуровтың футболкасы.
Біздің елдің Ұлткөшбасшысы спортты сүйетін, салауатты өмір салтын ұстанатын, бірнеше спорт түрімен айналысатын белсенді тұлға екені баршаға белгілі. Елбасының сүйікті спорты тау шаңғысы, үлкен теннис пен гольф ойыны болып табылады.
Елбасының спорттық қызығушылығын танытатын көрме экспонаттары ел Президентінің спортқа деген ерекше ықыласын көрсетеді. Мұның өзі Қазақстанның спорттық жетістіктеріне зор әсерін тигізері сөзсіз.
[gallery ids="6636,6645,6646,6640,6639,6638,6637"]