Елбасы кітапханасында «Астана – мемлекет бірлігінің нышаны» тақырыбында волонтерлік сағат өтті.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының № 2, 55, 80 мектептерінің 2-6 сыныптарынан 200-ден астам оқушы қатысты.
Елбасы кітапханасының волонтерлері – белсенді өмір салтын ұстанатын, қаланың қоғамдық өміріне белсене атсалысатын елордалық жоғары оқу орындарының студенттері.
Білімгерлердің айтуынша, волонтерлік қызмет адамның өз-өзін жетілдіруге, ой-өрісін кеңейтуге, өзін қоғамға пайдалы азамат ретінде сезінуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, Елбасы кітапханасының волонтерлік сағаттары мектеп оқушыларының коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған алаң, болашақта волонтерлік қозғалыстың қандай да бір бағытын таңдауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі болып табылады.
Бұл кездесу Қазақстан астанасының қалыптасуына, Тәуелсіздіктің өзекті мәселелеріне және қазіргі жастардың басты трендтеріне арналды.
Кездесу соңында қатысушылар ой бөлісті.
–Қазақстанның елордасын бүкіл әлем біледі. Бұл әдемі әрі заманауи қала. Ежелгі уақытта да мұнда елді мекен болған. Бүгін біз көне қалалар туралы әңгімелер естідік, көптеген қызықты фотосуреттер болды, – деді Ғ.Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясының 3 «Г» сынып оқушысы Аяжан Тастаева.
Төртінші сынып оқушысы Темірхан Әскеров та білім нәрімен сусындады:
– Бізге елорданың тарихы туралы баяндап қана қоймай, көптеген маңызды фактілер келтірді. Біздің қаламызда және жалпы республикамызда алғаш рет осындай музей барын білдім. Енді Қазақстан бойынша саяхаттап, кесенелерге барып, барлық көрікті жерлерді көргім келеді. Мұндай сабақтар жиі өткізілсе екен.
– Мемлекет бірлігінің символы ретінде өткізілген астана туралы волонтерлік сағат өте танымды болды. Балалар орта ғасырлардан бүгінгі күнге дейінгі астаналардың қалыптасу тарихы туралы моол мағлұматтар алды. Елбасының жаңа астана туралы идеясының қалай пайда болғанын және қалай жүзеге асырылғанын өскелең ұрпақтың білуі өте маңызды, – деп атап өтті № 55 ОМ мұғалімі Анар Омарова.
