ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ VІ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНА ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай оқулары» жыл сайынғы әдебиет байқауын жариялайды.

«Абай оқулары» жобасының мақсаты: Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, Қазақстан жастарының оқу мәдениетін, әдеби талғамын қалыптастыру.

Әдебиет байқауының шарттары:

1. Абайдың кез келген өлеңін мәнерлеп оқыған сәтін бейнеге түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде);

2. Түсірілген бейне Facebook немесе Instagram әлеуметтік желісіне #ЕлбасыкітапханасыАбай хэштегімен жүктелуі тиіс.

3. Байқау 2022 жылғы 10 маусым-30 тамыз аралығында өтеді.

Әдебиет байқауының қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан үздік оқушылар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға қатысып, ақпаратпен әлеуметтік желілерде бөлісіңіздер!