ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАМАНАУИ СУРЕТШІЛЕРІНІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының Музейінде кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнер топтамасынан тұратын «Қазақстанның заманауи суретшілері» атты көрме ашылды. Елбасы кітапханасының музей жинақтарынан құралған көрме Астананың 20 жылдығына арналған іс-шаралардың жалғасы болып табылады.

Көрмеде Қазақстанның белгілі, заманауи суретшілері Қазақбай Әжібекұлы, Ақтоты Смағұлова, Амандос және Ботагөз Ақанаевтар, Зейнекүл Түсіпова, Гүлмира Телғозиева, Қами Айтқалиев, Жеңіс Кәкенұлы, Рашид Құлбатыров, Аманат Назарқұл, Анар Әбжановалардың жұмыстары қойылған.

Көрмеде әртүрлі жанр мен техникада орындалған 20 өнер туындысы ұсынылған. Әр жұмыс өз алдына бірегей және өзіндік ерекшелігі бар, қазақ халқының тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен салты туралы сыр шертеді. Сондай-ақ, бұл көрме Қазақстанның үзіліссіз дамып келе жатқан заманауи өнерінің белгілі бір кезеңін көрсетеді.